Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «ЕЭК Іскерлік кеңесімен бірлесіп бизнес пен азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешеді»

Тигран Саркисян: «ЕЭК Іскерлік кеңесімен бірлесіп бизнес пен азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешеді»

25.12.2019

24 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, оған ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко, Комиссия Алқасының мүшелері және Одақ елдерінің бизнес өкілдері қатысты.

Тигран Саркисян мен Виктор Христенко отырыста сөйлеген сөздерінде ЕЭК мен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің ынтымақтастығы өз тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

Сөз Комиссия Алқасы екінші құрамының 2016 жылдан бастап жұмыс істеуі кезеңіндегі бес одақтас елдің ұлтүсті реттеушісі мен бизнесінің бірлескен жұмысының қорытындылары және оның алдағы перспективалары туралы болды.

"Біз бірлесіп бизнес пен азаматтарымызды толғандыратын неғұрлым өзекті мәселелерді бөлу және шешу мүмкіндігіне ие болдық", –  деп атап өтті Тигран Саркисян.

ЕЭК Алқасының Төрағасы бизнес-қоғамдастықпен бірге Комиссия айтарлықтай елеулі табыстарға қол жеткізген негізгі бағыттарды атады, бұл Еуразиялық интеграцияны тереңдетуге және интеграциялық бірлестіктің әлемдегі имиджін нығайтуға мүмкіндік берді.

Бұл, ең алдымен, халықаралық қызмет. Еркін сауда аймағын (ЕСА) құру арқылы табысты вьетнамдық кейске тағы бірнеше ел қосылды. Қытаймен, Иранмен, Сингапурмен, Сербиямен келіссөздер сауда келісімдеріне қол қоюмен аяқталды. Израильмен, Мысырмен диалог дәйекті түрде ілгерілеуде. Үндістанмен ЕСА туралы келіссөздер жүргізілуде. "Біз үшін бұл процеске бизнесті тарту өте маңызды болып табылады, өйткені келіссөздер біздің отандық бизнесіміз үшін, біздің кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілуде", –  деп атап өтті Тигран Саркисян.

Сонымен қатар, Алқа Төрағасы ЕАЭО Іскерлік кеңесіне және Одақтың Кеден кодексін әзірлеуге белсенді қатысқан барлық кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Бизнес ұсыныстарының шамамен 75%-ы осы базалық интеграциялық құжатта көрініс тапты.

Тигран Саркисянның сөзінше, цифрлық күн тәртібі бойынша іскерлік топтармен бірлесіп жұмыс істеу дербес атап өтуге лайық. Осыған байланысты ол: "Біз цифрлық жобаларды іске асыру сатысына көшеміз. Комиссия, біздің елдер мен бизнес қазір іске асыру механизмі туралы келісуі керек... Бизнес замани цифрлық платформалардың барлық Еуразиялық кеңістікте жұмыс істеуіне қатты мүдделі. Тек осылай ғана бәсекеге қабілетті ортаны құруға болады, ол арқылы бизнес өзінің нақты әлеуетін іске асыра алады. Әйтпесе, оған шетелдік цифрлық платформаларда жұмыс істеуге тура келеді",- деді.

Өз кезегінде Виктор Христенко: "Комиссияның екінші сайланымының ең үлкен еңбегі - ол цифрлық трансформация мәселелерін ұлтүсті деңгейіне көтерілген барлық қалған салалар мен реттеуіштерді қамтитын қызметтің жаңа бағытының негізіне базалық тақырып ретінде қоя алды. Бұл тақырып – цифрлық күн тәртібі – ЕАЭО елдері президенттерінің жұмыс бабындағы әңгімесінің тақырыбына айналды. Бизнес оған әр түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде тауарларды цифрлық таңбалау бойынша белсенді қосылды. Қосылуының және бір себебі – бизнес үшін цифрлық трансформациясыз оның өзінің тиімді болуы мүмкін емес", - деді.

Консультативтік кеңестің отырысына алғаш рет Еуропалық бизнес өкілдері қатысты. Немістің SCHNEIDER GROUP компаниясының президенті Ульф Шнайдер және Италиялық өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті Эрнесто Ферленги баяндама жасады.