Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Интеграция қара бастың қамы емес, ол қатысушы елдердің экономикасын және олардың азаматтарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету құралы»

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Интеграция қара бастың қамы емес, ол қатысушы елдердің экономикасын және олардың азаматтарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету құралы»

25.04.2016

22 сәуірде Астанада XIII Еуразиялық медиафорум шеңберінде өткен «Еуропалық одақтың болашағы. Еуропаның бәсекеге қабілеттілігі қайда кетуде?» сессиясында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Еуропалық одақтың (ЕО) ынтымақтастығы мүмкін болатын салалар туралы айтып берді.

Тимур Сүлейменов өсу қарқынының төмендігіне орай дүниежүзілік экономика өзінің дамуында «тежелуде». Әлеуетті өндіріс көлемі, соның салдарынан тұтыну және инвестициялар азаюда.  Осындай жағдайларда қазіргі интеграциялық бірлестіктер арасында өзара іс-қимылды тереңдету үлкен маңызға ие бола бастайды. «Қалыптасып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ үшін Еуропалық одақпен тығыз ынтымақтастық аса маңызды, себебі ЕО біздің елдеріміздің аса ірі сауда әріптесі болып қалуда, - деді ЕЭК Министрі. Бұған қоса, екі тарапқа пайдалы бола алатын және бұл ретте саясатты қозғамай ынтымақтасатын салалар бар. Мысалы, техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласы, қаржы саясатын үндестіру саласында тәжірибе алмасу. 

Еуропадағы экономикалық жағдайды бағалай келе, Тимур Сүлейменов ЕО тап болып отырған кейбір проблемалар іргелі құндылықтармен емес, аса төрешілдікпен, қосымша реттеушілік кедергілердің ұлтүсті деңгейде құрылуымен байланысты екенін атап өтті. ЕАЭО көп жағдайда Еуроодақтан үлгі алады, бірақ қателерді емес, табыстарды қайталауға тырысуда.

Сұрақтарға жауап бере отырып, ЕЭК Министрі ЕАЭО-дағы көші-қон тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, одақтас елдердің көшіп қонушы азаматтарының еңбек жағдайын жеңілдету – интеграциядан болатын тікелей «артықшылық». «Біз мұның біздің интеграциялық бірлестігіміздің Қазақстан мен Ресейде жұмыс істеп жүрген жүздеген мың азаматтарының өмірін қаншалықты күшті жеңілдеткенін білеміз», - деп мәлімдеді Тимур Сүлейменов.

Комиссия өкілі бірыңғай валютаның енгізілу мүмкіндігіне де түсініктеме берді.  Оның айтуынша, әзірше бұл үшін алғышарттар жоқ. «Кез келген интеграциялық шешімдер, егер олар Одақтың барлық елдеріне нақты пайда әкелсе ғана қажет. Интеграция қара бастың қамы емес, ол қатысушы елдердің экономикасын және олардың азаматтарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету құралы», - деп Тимур Сүлейменов атап айтты. Ол Одақ туралы Шартта орталық және ұлттық банктер кіретін Үйлестіру кеңесі жүзеге асырып жатқан қаржы саясатын үйлестіру ғана көзделгенін еске салды.