Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Грек Республикасының басшылығымен кездесті

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Грек Республикасының басшылығымен кездесті

26.01.2017

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Грек Республикасының Президентімен және Премьер-министрімен жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында ЕАЭО мен Грекия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Тигран Саркисян Еуропа елдерінің басшыларымен тікелей диалог Еуразиялық және Еуропалық одақтардың өзара қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігіне сенімді.

ЕАЭО мен Грекия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Грек Республикасының Премьер-министрі Алексис Ципраспен жұмыс кездесуі барысында талқыланды.

Алексис Ципрас Еуропалық одақпен сындарлы әрі өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға Грекия қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Экономикалық даму мәселелерін талқылай отырып, Алексис Ципрас «біздің елдеріміздің сауда және өнеркәсіптік байланыстарын дамыту үшін жаңа белестерге» жеткізетін «Грекия-ЕАЭО» бизнес-форумын өткізудің маңыздылығын атап айтты.

«Грекия ЕАЭО-ның дәстүрлі сауда әріптесі болып табылады, – деп баса айтты Тигран Саркисян. – Алайда, тап қазір Грекия бизнесмендерінде Еуразиялық экономикалық одақпен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа перспективалы мүмкіндіктер пайда болып отыр. ЕЭК жүргізіп жатқан жұмыс тауарлар мен қызметтер көрсету қозғалысы  үшін қандай да бір тосқауылдарсыз бірыңғай техникалық регламенттері бар ортақ нарық құруға мүмкіндік берді. 180 миллионнан астам  халқы бар аумақта барлық елдерге ортақ Кеден кодексі қолданылады, демек, шетелдік әріптестеріміз маневр жасайтын кеңістікке ие болып,  өз сыртқы экономикалық қызметін тиімдірек жоспарлауға мүмкіндік алады».

Грек Республикасының Президенті Прокопис Павлопулоспен кездескенде Тигран Саркисян ЕО мен ЕАЭО арасында тікелей диалог құру жөніндегі нақты әрі біржақты ұстанымы үшін Грекия басшыларына алғысын білдірді.  

Өз кезегінде, Прокопис Павлопулос Еуразиялық интеграция процесін Грекия тарапы зор ынтамен қадағалап отырғандығын атап айтты. «Біз Еуразиялық және Еуропалық одақтар арасындағы диалогты жолға қою аса маңызды және ЕО мен Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері арасында екіжақты қарым-қатынастардың форматына да айрықша оң ықпал ете алады», – деп санайды Прокопис Павлопулос.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Георгиос Kaтругалоспен кездесу кезінде Грекия тарапы соның шеңберінде ЕАЭО мен Грекия арасындағы экономикалық байланыстарды дамытудың практикалық мәселелері талқыланып отыратын Грекия-Еуразия кеңесін құруды ұсынды. Тигран Саркисян бұл бастаманы қолдап, ЕЭК тарапынан оның жылдамырақ пысықталатындығына сендірді.