Жүйеге кіру
26 қаңтардағы ЕЭК Кеңесінің қорытындысы

26 қаңтардағы ЕЭК Кеңесінің қорытындысы

161010_006.jpg
26.01.2018

26 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде ЕЭК Кеңесінің отырысы болып өтті. Интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең спектрі талқыланды. Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау, сауда және өнеркәсіп саясаты саласында бірқатар шешімдер қабылданды, Үкіметаралық және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестердің қарауына ұсынылатын құжаттар жобасы мақұлданды.

Кеңес мүшелері үстіміздегі жылғы 2 ақпанда Алматыда (Қазақстан) өтетін Цифрлық экономика жөніндегі форум бағдарламасын талқылады. ЕЭК Кеңесінің отырысында төрағалық еткен  РФ Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары Игорь Шувалов ортақ цифрлық күн тәртібін іске асыру барлық елдер үшін қағидаттық маңызды міндет болып табылатынын атап өтті. «Біз тауарлардың  жалпыға ортақ   бақыланып отыруын, соның ішінде маркалауды енгізу арқылы қамтамасыз етуіміз қажет, ортақ сауда алаңдарын ұйымдастыруымыз, сондай-ақ әртүрлі бірлескен өнеркәсіптік жобаларды іске асыруда цифрлық технологияларды қолдануымыз қажет»,- деді Игорь Шувалов.

Үлкен диаметрлі құбырларға  (ҮДҚ) (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының 3901  20   900 1 коды) коррозияға қарсы зауыттық үшқатпарлы жабынды жабуға арналған полиэтилен үшін кедендік баждың нөлдік ставкасының қолданысын ұзартуға шешім қабылданды. Шара 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 30 қыркүйекке  дейінгі аралықта қолданылады.  
 
Бұрын нөлдік баж ЕЭК Кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 31 желтоқсанға  дейінгі аралықта белгіленген еді. ҮДҚ-ға арналған полиэтиленге қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 6,5% құрайды.
 
Үлкен диаметрлі құбырларға  арналған полиэтилен құбыржелілер құрылысына, соның ішінде магистралдық газ-мұнай және мұнай өнімдері желілеріне арналған дәнекерленетін болат құбырлар  өндірісі кезінде қолданылады. Полиэтиленнің дайын өнімнің өзіндік құнындағы үлесі 7% жуық.
 
Бүгінгі таңда бұл тауарға деген ішкі сұранысты қанағаттандыруға ЕАЭО елдері кәсіпорындарының өндірістік қуаттары  жеткіліксіз. 2018 жылы Ресей ҮДҚ өндірушілерінің импорттық полиэтиленге қажеттілігі өндірушілердің бұл материалға деген жиынтық қажеттілігінің кемінде 25% (20 мың тоннадан астам) құрайды. Ресейде мұны негізгі тұтынушылар «Құбыр металлургия компаниясы» ЖАҚ, «Біріккен металлургия компаниясы» АҚ,   «Челябі құбырпрокат зауыты» ЖАҚ,  «Северсталь» ЖАҚ болып табылады.
 
Кедендік бажды нөлдендіру импорттық полиэтиленді сатып алу кезінде шығындарды кеміту есебінен үлкен диаметрлі құбырлардың өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы өнімнің отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.ҮДҚ өндірушілердің бағасы бойынша, ұсынылып отырған шараны енгізу үлкен диаметрлі құбырлар экспортын  кем дегенде 130 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
 
Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (ізін жасыруға) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының орын ауыстыруы кезінде терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісім жобасы мақұлданды.
 
Құжат мүше мемлекеттерге Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма қол ақша қаражаты мен ақша құралдарының орын ауыстыруы кезінде  мәлімделген мәліметтермен алмасуға мүмкіндік береді.
Келісім жобасы мүше мемлекеттердің қолма қол ақша қаражаты мен ақша құралдарының орын ауыстыруы туралы дерекқор қалыптастыру үшін жауапты органды, сондай-ақ басқа елдердің сұратуларына жауап беретін органды айқындайтындығын бағамдайды.
 
Дерекқордың өзі жеке тұлғалардың жолаушы кедендік декларациясында және тауар декларациясында мәлімдеген мәліметтері негізінде қалыптасатын болады. Құжатта дерекқордан мәліметтер беруге арналған сұратуларды ресімдеу тәртібі, оларды орындау мерзімі және орындаудан бас тарту жағдайлары көрсетілетін болады.
 
Келісім шеңберінде алынған ақпарат құпиялы болып табылады және  ол осындай ақпаратты берген органның жазбаша келісуі болмаса, сұратылған және берілген мақсатынан тыс басқа мақсаттарда пайдаланылмайды. ЕЭК Кеңесі мақұлдаған құжат мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін  мүше мемлекеттерге жіберілетін болады.
 
Өсімдіктер карантині жөніндегі пункттерді (фитосанитариялық бақылау бекеттерін, ФББ) материалдық-техникалық жарақтандыруға және абаттандыруға қойылатын талаптарға өзгерістер бекітілді.

Атап айтқанда, құжаттың ФББ жарақтандыруға қойылатын жалпы талаптарға арналған бөлімі тармақпен толықтырылады, соған сәйкес  фитосанитариялық бақылау бекеттерінің ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімнің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
 
Комиссия Кеңесінің тиісті шешімінің күшіне енуі Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында және Одақтың сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерінде орналасқан ФББ материалдық-техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптарды біріздендіруге мүмкіндік береді және карантиндік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін арттырады. Талаптар Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған орындарда құрылған ФББ материалдық-техникалық жарақтандырылуы және абаттандырылуы үшін құқықтық негіз қалайды.
 
Санамаланған өзгерістерді енгізу карантиндік зиянды организмдердің еніп кету әрі таралу қатерін болдырмайды және карантинге жатқызылған өнімнің өзара саудасы кезінде негізсіз әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
 
Өсімдіктен алынатын бастапқы шикізатты  өсірудің, жинаудың, өңдеудің және сақтаудың тиісті практикасының қағидалары қабылданды. Құжат нормасы соның ішінде  органикалық өндірістің қағидалары бойынша өсірілген дәрілік өсімдіктен алынған шикізатқа, сондай-ақ жабайы дәрілік өсімдіктерді дайындауға қолданылады.
 
Қағидаларды қолдану  Одақ мемлекеттерінде өсіру, жинау, сақтау кезеңдерінде шикізатты пайдаланудың бірыңғай тәсілдемесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қағидалар Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттіктің Өсімдіктен алынатын бастапқы матералдарды культивациялаудың және жинаудың тиісті практикасы жөніндегі нұсқамасымен үндестірілген.
 
Құжат өсімдіктен алынатын дәрілік шикізатты өңдеу мен сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын, шикізатты жинауға немесе дайындауға арналған, оны культивациялау (дайындау) тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптардың ең қысқа тізбесін қамтиды. Жеке бөлімде  өсімдіктен алынатын дәрілік заттар өндіруші шикізат сатып алу кезіндегі шарттарда жазылуға тиіс талаптар ескертіледі.
 
Атап айтқанда, өсімдіктен алынатын жиналған дәрілік шикізат өңделетін үй-жайлар таза әрі желдетіліп тұратын болуға тиіс. Олардың құрамында  ауыл шаруашылығы  жануарларының болуына жол  берілмейді. Жиналған шикізаттың құстардан, насекомдар мен кеміргіштерден қорғалуы қамтамасыз етілуге тиіс. Өсімдіктен алынатын дәрілік шикізат өңделетін ғимараттардың өндірістік үй-жайлардан  бөлектелген гардеробы және қол жуу мүмкіндігі бар әжетханасы болуға тиіс.
 

Қағидалар өсімдіктен алынатын дәрілік шикізаттың сапасын, соның ішінде тұтынушылар қауіпсіздігінің кепілдігіне мүмкіндік беретін стандарттар мен қағидаларды белгілеу есебінен қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды, әртүрлі өсімдіктерді бөлектеп сақтауды қамтамасыз етуді және қоршаған ортаға зиян келуін болдырмауды көздейді.