Жүйеге кіру
ЕЭК пен БҰҰ ЕЭК Еуропалық кеңістікте сауда деректерімен алмасу үшін бірдей семантикалық стандарттарды пайдалануда бір адым алға басты

ЕЭК пен БҰҰ ЕЭК Еуропалық кеңістікте сауда деректерімен алмасу үшін бірдей семантикалық стандарттарды пайдалануда бір адым алға басты

87834.jpg
26.04.2019

ЕЭК штаб-пәтеріндегі жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) өкілдері трансшекаралық сауда саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін регламенттеу кезінде халықаралық стандарттарды және деректер моделін пайдалануды талқылады. БҰҰ ЕЭК сарапшылары бұл салада іске асырылып жатқан жаңа құралдар мен жобалар туралы хабарлады.

ЕЭК өкілдері әріптестерін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды біріздендіру және стандарттау, ЕАЭО деректер моделін құру және қолдану, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етті. ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян атап өткендей, Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық преференциялы сертификаттар (International Certificate of Origin) бойынша UN/CEFACT жобаларына қатысуға мүдделі.

Тараптар UN/CEFACT стандарттарымен деректерді модельдеу жөніндегі, соның ішінде көліктік және ілеспе құжаттарда пайдаланылатын деректерді салғастыру және үндестіру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия әзірлейтін шешімдердің үйлесімділігі мәселелері бойынша өзара хабардар етуге мүдделіліктерін де ашып айтты.