Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов: «Қызметтер нарығын айтарлықтай ырықтандырусыз өмірге бейімді экономикалық одақты құру»

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов: «Қызметтер нарығын айтарлықтай ырықтандырусыз өмірге бейімді экономикалық одақты құру»

22.05.2014

21 мамыр күні Астанада VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сулейменов «БЭК Бизнес-диалогының іскерлік конгрессі: Еуразиялық экономикалық одақ жолында» панельді сессияда ЕЭК Тараптардың өкілдерімен бірігіп ортақ қызметтер нарығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы әңгімелеп берді.

Панельді сессия Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылды. Сессияда Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық шарттар мен келісімдер жобасының Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) аумағында кәсіпкерлік қызмет жүргізу шарттарына әсерін бағалау сияқты мәселелер қаралды, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (ЕЭО) және КО мен БЭК қатысушы-елдер арасындағы өзара сауданың проблемалы мәселелері талқыланды. Сессияның модераторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Рахим Ошакбаев болды.

Іс-шараға ЕЭК Алқасының мүшелері – ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сулейменов, ЕЭК Кеден ынтымақтастығы бойынша министр Владимир Гошин, Қазақстан министрліктерінің, бизнес-қауымдастықтар мен ғылыми орта өкілдері қатысты. 

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменовтың айтуы бойынша, қазіргі заманғы экономика ІЖӨ құрылымында қызметтердің айтарлықтай үлесімен ерекшеленеді. «Осыған орай, қызметтер нарығын айтарлықтай ырықтандырусыз өмірге бейімді экономикалық одақты құру мүмкін емес», - деп ерекшелеп өтті ЕЭК өкілі. Министр әңгімелеп өткендей, Еуразиялық экономикалық комиссия Тараптардың өкілдерімен бірігіп ортақ қызметтер нарығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияларды, рұқсаттарды өзара мойындау, осы қызметпен заңды тұлға ретінде қосымша құрылмай айналысу мүмкіндігі, ұлттық режимді және алып тастауларсыз барынша қолайлы жағдай режимін ұсыну. Бұдан басқа, ортақ қызметтер нарығында Тараптармен қызметтерді жеткізушінің қызметкерлер құрамының біліктіліктерінің өзара мойындалуы, қызметтерді алушылардың құқығына кепілдік беру қарастырылған. 

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі әңгімелеп өткендей, КО мен БЭК аумағында жүзеге асырылуы бойынша шектеуі жоқ, кейбір қызмет түрлері бойынша ортақ нарық механизмі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл, КО мүше-елдер осы қызмет түрлері бойынша жағдайды нашарлатпау және кәсіпкерлерге өзінің нарықтарына шексіз қол жетімдік ұсыну бойынша міндеттемелерді алатынын білдіреді. Тимур Сүлейменовтың айтуы бойынша, өзге, барынша реттелген және сезімтал қызмет түрлері бойынша өтпелі кезеңді қабылдау керек, бұл кезең ішінде нарыққа қол жетімдік ережелерін үйлестіру, тиісті салалық «жол карталарын» жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылу керек, олар орындалғаннан кейін ортақ нарық ережелері осы секторларда да іске қосылады.

ЕЭК өкілі әңгімелеп өткендей, ортақ нарықтың ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс мүдделерін қамтамасыз ету және мемлекеттік билік қызметтерін орындау тұрғысынан қоса алғанда, белгілі бір алып тастаулармен және шектеулермен жұмыс істеуі мүмкіндігі болатын белгілі бір қызметтер тізбесі сақталады. Министрдің айтуы бойынша, қызметтердің көп бөлігі үшінші санатқа жатады. ЕЭК қызмет секторлары бойынша үйлестірілген талаптарды құру бойынша жұмысын жалғастыратынын атап өтті, бұл бизнестің бәсекеге қабілеттік аспектінің бірі болып табылады. 

Бұдан басқа, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов әңгімелеп өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) туралы шарт жобасында үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес ұлттықтан жоғары деңгейде нормативтік реттеуді әзірлеу кезінде бизнесті артық талаптардан қорғау мақсатында реттеу қызметін жетілдіру шеңберінде ЕЭК реттегіш әсерін бағалау (РӘБ) міндеттігі туралы норма бекітілген.  «Сөйтіп, ЕЭК реттеуші ретінде ұлттық мемлекеттік билік органдары бағынышты болатын ережелерге бағынышты болады. Комиссия үшін транспаренттік – бұл беделдік көрсеткіш. Сондықтан ЕЭК-ның бизнес-қауымдастықпен осы бағыт бойынша диалогы кеңейеді», - деп ерекшелеп өтті Тимур Сүлейменов. Комиссия бизнес-қауымдастықтың негізделмеген шығындарын азайта алатынына, КО мен БЭК аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін артық кедергілерді азайта алатынына үміттенетінін білдірді.

Тимур Сүлейменов жасаған баяндамасында ЕЭО туралы шарт шеңберінде акцизді саясатты үйлестіру тақырыбын қозғады. Ол ерекшелеп өткендей, бұл мәселе маңызды әрі сезімтал болып табылады. КО мүше-елдердегі акциздер КО серіктес-елдердегі мөлшерлемелерді жоғарылату арқылы үйлестірілетіні болжалады: Ресей акциздердің өсу қарқынын баяулатады, ал Қазақстан мен Белоруссия халықтың тіршілік деңгейіне сәйкес жоғарылатады. «Қолданыстағы мөлшерлемелерді жақындату және акциздер бойынша әрекеттерді үйлестіру келешекте ортақ тауар нарығы шеңберінде тең бәсекелестік жағдайын құруда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін», - деп ерекшелеп өтті Тимур Сүлейменов.  

​​