Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің даму институттары мемлекеттік-жекеше әріптестік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ЕАЭО елдерінің даму институттары мемлекеттік-жекеше әріптестік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26.05.2016

24-25 мамырда Астанада Астана экономикалық форумы жұмысы күндерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Консультативтік комитет жанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде мемлекеттік-жекеше әріптестік (МЖӘ) тетіктерін дамыту жөніндегі Сараптамалық топтың отырысы өтті.

Отырысқа ЕЭК Экономикалық және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов қатысты.

Отырыс барысында Сараптамалық топ мүшелері МЖӘ саласындағы сарапшыларға мемлекеттік-жекеше әріптестікті дамытудың перспективалары және Қазақстан Республикасында МЖӘ туралы жаңа заң қабылдануына байланысты жаңа мүмкіндіктер туралы, мүше мемлекеттердегі МЖӘ саласындағы жобаларларды іске асыру тәжірибесі туралы хабардар етті. Еуразиялық даму банкі өкілдері ЕАЭО-да МЖӘ интеграциялық жобаларын қаржыландырудың ықтимал тетіктері туралы әңгімелеп берді. Жобалық қаржыландыру федералдық орталығының (ВЭБ тобы) өкілі даму жобаларын іске асыру үшін жобалық қаржыландыру тетіктерін қолдану мәселесін жария етті.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекеше әріптестік саласында ЕАЭО елдерінің даму институттары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Меморандумға сәйкес мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын іске асыру, соның ішінде интеграциялық сипаттағы әріптестікті іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындауда өзара іс-қимыл жасауды, мемлекеттік-жекеше әріптестік саласында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асыруды, бірлесіп талдамалық зерттеулер жүргізуді, талдамалық шолулар, жарияланымдар  және т.б. әзірлеуді жоспарлап отыр.