Жүйеге кіру
ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов: «Мұнайдың әсіре жоғары бағасы кезеңі аяқталды»

ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов: «Мұнайдың әсіре жоғары бағасы кезеңі аяқталды»

26.05.2016

25 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов Астана экономикалық форумының «Өсудің жаңа моделін іздеу» атты сессиясында ілтипат лебізін білдіріп, даму перспективасы бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыруға байланысты болатын  жаңа экономикалық тәртіптің қалыптасуын және экономиканың энергияны қажетсінуінің төмендеуін атап өтті.

Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің энергия ресурстарына төмен баға кезеңінде даму құралдары бар, - деп атап өтті. «Әрине, мұнай мен газ әлемдік экономикада елеулі рөл атқара береді. Бірақ соңғы бірнеше онкүндіктерде атқарған рөлін айрықша болды дей алмаймыз. Біздің ойымызша, мұнайдың біз үшін үйреншікті болған әсіре жоғары бағасы кезеңі қайтып келместей өткенін түсінуіміз қажет. Бұл біздің елдеріміз жүргізуге тиіс экономикалық саясатқа өз ізін қалдырмай қоймайды.», – деді ол.

ЕЭК Министрі ЕАЭО елдерінің билігі алдында экономиканы кешенді құрылымдық және технологиялық тұрғыдан жаңғырту және осы кезеңде әлеуметтік әрі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық экономикалардағы дағдарысты құбылыстарды еңсеру үшін қажетті бірқатар басқа да шаралар жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.

Тимур Сүлейменов: «Осыған байланысты экономикалық өсуге бастайтын құралдар жиынтығы көп. Тек ұлттық бағыттағы ғана құралдар бар. Бұлар – ұлттық бюджет-салық саясаты, қаржы-кредит, өнеркәсіп, техникалық және т.б. саясаттар. Бірақ, біздің көзқарасымызша, соңғы жылдары интеграциялық күн тәртібі айтарлықтай ілгеріледі», – деп атап айтты.

Бұл ретте ЕЭК өкілінің пікірі бойынша, экономиканың одан әрі өсу жолын іздеу кезінде ұлттық құралдарға ғана сүйену жеткіліксіз. Осыған байланысты ЕАЭО құру  ағымдағы күн тәртібінің сын-қатерлеріне жасалған қарымта жауаптардың және одан әрі экономикалық өсу драйверінің бірі болып табылады. Одақ нақ осы үшін құрылды. Интеграциялық процестер еуразиялық кеңістікте белсенді даму үстінде, онда Еуразиялық экономикалық одақ көшбасшы болып танылып отыр, бұл өңірлік экономикалық интеграция жобасы мәндік тереңдігі бойынша әлемде Еуропалық одақтан кейін екінші орында. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басқа ірі интеграциялық блоктармен өзара іс-қимылы ұлттық экономикалардың құрылымыдық түрленуіне, бірлескен инновациялық өндірістер құруға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және мемлекеттер экономикасының орнықты өсуіне де ықпал ететін болады.