Жүйеге кіру
Одақ елдерінде 2020 жылғы 1 маусымда күшіне енетін ет өнімдеріне арналған техникалық регламенттің жекелеген талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттар қолданылатын болады

Одақ елдерінде 2020 жылғы 1 маусымда күшіне енетін ет өнімдеріне арналған техникалық регламенттің жекелеген талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттар қолданылатын болады

26.05.2020

ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жекелеген талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау туралы қолданыстағы құжаттарды қолдану мүмкіндігін белгіледі, бұл Комиссия Кеңесінің оны қабылдау туралы 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен айқындалған техрегламенттің кейінге қалдырылған нормаларының күшіне енуіне байланысты болды. Бұл арада сөз техникалық регламентте жазылған, бірақ бақылаудың тиісті әдістері белгіленбегендіктен қолданылмаған, сою өнімдері құрамындағы ветеринариялық дәрілік заттарды бақылау туралы және де нақты МемСТ-тарға тіркеулі стандарттар тізбесінде белгіленетін ет өнімдерінің ойдан шығарылған атауларын пайдалану жайында болып отыр.

 

Кеңестің № 68 шешімі бұл нормалардң әзірленген соң және бақылаудың тиісті әдістері мен ойдан шығарылған атауларды орнықтыратын мемлекетаралық стандарттардың техникалық регламенттеріне қатысты стандарттар тізбесіне кірістірілген соң күшіне енетінін айқындайды.

 

Мемлекетаралық стандарттар Комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 198 шешімімен бекітілген өзектілендірілген стандарттар тізбесіне кірістірілді, ол 2020 жылғы 1 маусымда күшіне енеді.

Комиссия Алқасы қабылдаған шешім сою өнімдерін және ет өнімін дайындаушыларға күшіне енетін талаптарды орындауға біртіндеп бейімделуге көмектеседі және 2020 жылғы 1 маусымға дейін берілген немесе қабылданған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолдану жөніндегі өтпелі ережелерді көздейді.​