Жүйеге кіру
Өндірушілердің тамақ өніміне арналған одақтық техникалық регламенттің жаңа талаптарына бейімделуі үшін өтпелі кезең белгіленді

Өндірушілердің тамақ өніміне арналған одақтық техникалық регламенттің жаңа талаптарына бейімделуі үшін өтпелі кезең белгіленді

26.05.2020

ЕЭК Алқасының отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу тәртібі туралы» шешім қабылданды.

Шешім 2019 жылғы тамызда Комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген, үстіміздегі жылғы 11 шілдеден бастап күшіне енетін № 1 Өзгерістерді ескере отырып, кәсіпкерлердің тамақ өніміне арналған техникалық регламенттің жаңа нормаларын орындауға бейімделуі үшін 12 айлық кезең белгілейді.

 

Өтпелі кезең шеңберінде - 2021 жылғы 11 шілдеге дейін - Одақта № 1 Өзгерістердің қолданылуы басталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкес тамақ өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

 

Бұл ретте өтпелі кезең аяқталған күнге дейін айналысқа шығарылған өнімнің айналысына оның дайындаушы айқындаған жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі. Өтпелі кезеңді белгілеу кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарыттарына оң әсер етеді.​