Жүйеге кіру
Еуроодақтан әкелінетін гербицидтерге арналған демпингке қарсы баждың Ұлыбританиядан әкелінетін өнімдер үшін қолданылуы жалғасады

Еуроодақтан әкелінетін гербицидтерге арналған демпингке қарсы баждың Ұлыбританиядан әкелінетін өнімдер үшін қолданылуы жалғасады

26.05.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ оларға қатысты демпингке қарсы баж қолданатын гербицидтердің шыққан жерлерінің тізбесін Ұлыбританиямен толықтыру туралы шешім қабылдады. Құжаттың алдыңғы редакциясының нормалары тек Еуропалық одақ елдеріне ғана қатысты қолданылып келді.

 

Өзгерістер енгізу қажеттігі ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешімімен демпингке қарсы шараның ЕО-ға кіретін елдерден әкелінетін химикаттар үшін енгізілгеніне байланысты болып отыр. Сол кезде Ұлыбритания осы бірлестіктің мүшесі болды. Алайда 2020 жылғы 31 қаңтарда ел өзінің Еуроодаққа мүшелігін тоқтатты.

 

Анықтама

ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне сәйкес Еуроодақтан әкелінетін гербицидтерге қатысты 27,47-ден 52,23%-ке дейінгі мөлшерде демпингке қарсы баж қолданылады. Шара 5 жыл мерзімге белгіленген және баға міндеттемелерін өзіне қабылдаған BASF және Syngenta тауар белгілері бар гербицидтер өндірушілер үшін қолданылмайды.​