Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері коронавирусқа қарсы күрестің кешенді жоспарын дайындауды және шектеулер режимінен шығу критерийлерін талқылады

ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері коронавирусқа қарсы күрестің кешенді жоспарын дайындауды және шектеулер режимінен шығу критерийлерін талқылады

26.05.2020

25 мамырда ЕАЭО мемлекеттері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің он бірінші отырысында Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында СОVID-19 коронавирустық инфекциясының және өзге де жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарының жобасы биылғы 2 маусымда Комиссия Алқасының отырысында қаралатыны, бұдан кейін оны Комиссия Кеңесі қарап, Еуразиялық үкіметаралық кеңес бекітетіні туралы хабардар етілді.

 

Мүше мемлекеттердің Одақтың бірыңғай эпидемиологиялық кеңістігінде COVID-19 таралуын алдын ала ескерту жөніндегі өзара іс-қимылы мәселесі талқыланды.

 

Ресей Федерациясының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы іс-қимылда Одақ елдеріне, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасына көмек көрсету жұмысын жалғастырып жатқаны атап өтілді. Таяудағы екі айда COVID-19 диагностикасы үшін «Роспотребнадзор»-дың «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығының миллионнан астам тест-жүйесін жеткізу жоспарлануда.

 

«Роспотребнадзор» график әзірледі, соған сәйкес үстіміздегі жылғы маусымда жүйелі деңгейде Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдары өкілдерінің қатысуымен COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша вебинарлар мен бейнеконсультациялар жүргізілетін болады.

 

Елдерде жүргізіліп жатқан шектеулер режимінен біртіндеп шығу және экономикалық қызметті жандандыру жөніндегі іс-шараларға байланысты Комиссия Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан авиациялық, теміржол және халықаралық қатынастың басқа да түрлерін қайта бастау шарыттары мен өлшемдері бойынша ұсыныстар беруді сұрады.

 

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешімімен құрылды.​