Жүйеге кіру
Молдованың ЕЭК-тегі Өкілетті Өкілі Оксана Гречаный бірінші рет ЕЭК Алқасының отырысына қатысты

Молдованың ЕЭК-тегі Өкілетті Өкілі Оксана Гречаный бірінші рет ЕЭК Алқасының отырысына қатысты

26.05.2020

26 мамырда Молдова Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Өкілетті Өкілі Оксана Гречаный бірінші рет ЕЭК Алқасының отырысына қатысты.

 

Отырыс алдында ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков Оксана Гречаныймен кездесу өткізді, ол өзіне өкілеттіктер беру туралы Молдова Премьер-министрі Ион Кикудің ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичке жолдаған хатының көшірмесін табыс етті.

 

Ион Кику хатта: «Бұл тағайындау Молдова Республикасы, Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызмет ететініне сенімдімін», – деп атап көрсеткен.

 

Михаил Мясникович ЕЭК Алқасының отырысында Оксана Гречаныйға осы жауапты қызметінде табыс тілей отырып, сәлемсөзін арнады.

 

«Біз үшін, әсіресе Молдованың ЕАЭО жанындағы алғашқы байқаушы мемлекет екенін ескере келгенде, отырыстарға қатысу өте маңызды. Жақсы үлгі боламыз және басқа елдер де біздің үлгімізден өнеге алады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Оксана Гречаный.

 

Молдова Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2018 жылғы 14 мамырда берді.

 

Анықтама

 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 8 шешімімен бекітілген ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ережеге сәйкес, Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алған мемлекеттің Үкіметі Комиссияның орналасқан жеріне онымен және оның органдарымен жүйелі өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты негіздегі уәкілетті өкілді жібереді.

 

Өкіл байқаушы мемлекеттің тиісті атқарушы билік органдарының Комиссиямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту, техникалық, кедендік, санитариялық және фитосанитариялық реттеу мәселелері бойынша, Комиссияның жүргізу саласына жатқызылған басқа да мәселелер бойынша тұрақты байланысуларды орнатуға және қолдап отыруға ықпал етеді, сондай-ақ байқаушы мемлекет пен мүше мемлекеттер үшін өзара мүдделілік білдірілген салалардағы диалог пен ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Бұдан басқа, байқаушы мемлекеттің Өкілі, оның Аппаратының қызметкерлері және басқа да өкілдері шақыру бойынша Комиссия жанындағы консультативтік органдардың отырыстарына, сондай-ақ Комиссия Алқасының және Комиссия Кеңесінің отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы. Комиссия Алқасы мүшесінің және (немесе) мүше мемлекеттің өтініші бойынша жабық деп танылған мәселелер бойынша отырыстарды қоспағанда, байқаушы мемлекетке барлық отырысқа шақыру жіберіледі.​