Жүйеге кіру
Егер өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдер пайдаланылған болса, мұндай өнімдер ЕАЭО-да 26 маусымнан бастап «ГМО» белгісімен таңбаланады

Егер өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдер пайдаланылған болса, мұндай өнімдер ЕАЭО-да 26 маусымнан бастап «ГМО» белгісімен таңбаланады

26.06.2020

Биылғы 26 маусымда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде гендік модификацияланған организмдерді пайдалана отырып алынған тағамдық тауарларды «ГМО» белгісімен таңбалауға қатысты «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» одақтық техникалық регламентіне өзгерістердің күшіне енуі бойынша өтпелі кезеңнің қолданылуы аяқталды. Өзгерістер Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 90 шешімімен қабылданды және 2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

 

2020 жылғы 26 маусымнан бастап гендік-модификацияланған организмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдерін таңбалауда Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен («ЕАС») қатар, нысаны және мөлшері бойынша онымен бірдей «ГМО» таңбалау белгісі міндетті түрде болуға тиіс.

 

Егер дайындаушы тамақ өнімдерін өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдерді пайдаланбаса, онда олардың 0,9 пайыздан аспайтын құрамда болуы кездейсоқ немесе техникалық жойылмайтын қоспа деп саналады. Мұндай тауарлар құрамында ГМО бар өнімге жатпайды және оларды таңбалау кезінде тиісті мәліметтерді басып түсіру талап етілмейді.

 

Гендік-модификацияланған организмдерді қолдану арқылы алынған, «ГМО» белгісімен таңбаланбаған, бірақ одақтық техникалық регламентте айқындалған қажетті ақпарат көрсетілген тамақ өнімінің айналысына мұндай тамақ өнімінің дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.