Жүйеге кіру
Виктор Назаренко: «Аккредиттеу және мемлекеттік бақылау органдарының техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтау жолындағы бірлескен жұмысы ЕАЭО нарығын қауіпсіз емес өнімнен қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді»

Виктор Назаренко: «Аккредиттеу және мемлекеттік бақылау органдарының техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтау жолындағы бірлескен жұмысы ЕАЭО нарығын қауіпсіз емес өнімнен қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді»

26.06.2020

Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді жетілдіруді ескере отырып, ішкі нарықты қауіпсіз емес тауарлардан қорғау перспективалары Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко қатысқан ЕАЭО мемлекеттерінің аккредиттеу жөніндегі органдары басшылары кеңесінің төртінші отырысында қаралды.

 

Сәйкестікті бағалау нәтижелеріне деген сенімді арттыру және осы саладағы құжаттарды негізсіз беруді болдырмау мәселелеріне айрықша назар аударылды.

 

«Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды негізсіз беруге немесе тіркеуге қарсы іс-әрекетті Комиссиядағы бірінші кезектегі міндеттер деп санаймыз», - деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

 

Виктор Назаренко атап өткендей, ЕЭК-ті нарықта «сұр» сертификаттардың бар болу проблемасы алаңдатады. Коронавирустық пандемияға байланысты шектеулер жағдайында ЕАЭО елдерінің сәйкестікті бағалау жөніндегі жекелеген органдары сериялап шығарылатын шетелдік өнімге жаппай сертификаттар бере отырып, үшінші мемлекеттердегі өндіріске талдау жүргізіп «даншпансуда». Комиссия Одақтың барлық елінің тиісті мемлекеттік органдарының, соның ішінде құқық қорғау органдарының назарын сертификаттау жөніндегі осындай органдардың қызметіне үнемі аударып отыр. Солай бола тұра, олардың тарапынан пәрменді шаралар қабылданбай келеді.

 

«Аккредиттеу жөніндегі органдардың және техникалық регламенттердің сақталуын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) уәкілетті органдарының бірлескен үйлестірілген жұмысы ғана сертификаттау жөніндегі алақол органдар мен сынақтау зертханаларының, дайындаушы уәкілеттік берген адамдардың қызметін дер кезінде тауып анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл ЕАЭО нарығын қауіпсіз емес өнімнің түсуінен қорғауға ғана емес, сонымен бірге, Одақ елдерінде ұлттық сапа инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етуге, сыртқы нарықтардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі», - деп түйіндеді Виктор Назаренко.

 

Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың басшылары ЕЭК Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №100 шешімімен және ұлттық заңнамамен белгіленген қосымша критерийлерді ескере отырып, елдерде Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін өзектілендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

 

Отырысқа қатысушылар Басшылар кеңесінің 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады. Ол өзіне, соның ішінде аккредиттеу жөніндегі сарапшыларға және техникалық сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде ЕАЭО елдерінің заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар тқжырымдау мәселелерін, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласын қалыптастыруды, сондай-ақ аккредиттелген тұлғалардың қызметіне шағымдарды қарау рәсімдерін кірістіреді.

 

«Интеграциялық бірлестік ретінде Еуразиялық экономикалық одақ үшін

аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйымды, оған ЕАЭО елдерінің ғана емес, сонымен бірге ТМД бойынша әріптестеріміздің де қосылу мүмкіндігін ескере отырып құрудың үлкен маңызы бар»,- деп атап көрсетті Виктор Назаренко.