Жүйеге кіру
ЕАЭО-да карантинге жатқызылған өнімді бақылап отыру және фитосанитариялық тәуекелдерді басқару жүйелері құрылуы мүмкін

ЕАЭО-да карантинге жатқызылған өнімді бақылап отыру және фитосанитариялық тәуекелдерді басқару жүйелері құрылуы мүмкін

26.07.2019

Фитосанитариялық тәуекелдерді басқару жүйесі Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) қауіпсіз тауарларды еркін алып өтуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол карантинге жатқызылған өнімнің ЕАЭО-дағы алып өту кезінде де, сол сияқты үшінші елдерден Одаққа әкелінген кезінде де бақылап отыру жүйесін құрумен және практикаға енгізумен ажырағасыз байланыста болуға тиіс. ЕЭК-тің Фитосанитариялық шаралар жөніндегі кіші комитетінің отырысында бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Игорь Гаевский айтты.

Іс-шараға Кіші комитет мүшелері - Одақ мемлекеттері уәкілетті органдарының, сондай-ақ Ресей Федерациясы Экономика министрлігінің өкілдері қатысты.

«Карантинге жатқызылған өнімнің әлемдік нарығындағы жағдаят бүгінде қарыштап өзгеруде. Бұрын ЕАЭО-ға өнім жеткізбей келген көптеген мемлекеттер енді біздің елдерімізбен саудада көшбасшылық позицияға ұмтылуда. Бұл тауарларға қойылатын фитосанитариялық талаптарға өзгерістерді дайындау кезінде ескерілуге тиіс екендігі сөзсіз. Бұл – уақыттың талабы, біз уақытпен қатар жүруге тиіспіз»,
- деп атап өтті Игорь Гаевский.

Бұл жүйелерді іске асырудың тәсілдемелері мен механизмдерін мүше мемлекеттердің ғылыми мекемелерінің өкілдерін тарта отырып, сарапшылар ізеуіртті пысықтайтын болады. Бірақ қазірдің өзінде мұның уәкілетті органдарға көтеріңкі тәуекел салаларына шоғырлануға, қосымша ресурстарды босатуға және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да өзекті міндеттерді шешуге жіберуге мүмкіндік беретіні айдан анық.

Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін өсімдіктер карантині саласында уағдаластыққа қол жеткізіліп те қойған ортақ процестерді іске асыра отырып, уәкілетті органдар арасында ақпараттық өзара іс-қимылды дамытқан маңызды. Бұдан басқа, үшінші елдерде берілген сертификаттар туралы деректерді алу және ұқсас ақпаратты экспорттаушы елдерге беру жөнінде жаңа ортақ процестерді енгізу қажет.

Бұл мәселелерді сапалы пысықтау үшін уәкілетті органдар мен Комиссияның жүйелі ж
ұмысы талап етіледі. Отырысқа қатысушылардың пікірінше, бұл карантиндік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігі мен жеделдігін арттырады және саудада негізсіз кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

«Өсімдіктер карантинін қызметтің неғұрлым ғылымды қажетсінетін бағыты деп санау негізсіз емес болғандықтан, фитосанитариялық шаралар жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде бұл міндеттерді шешуге тараптардың ғылыми-зерттеу мекемелерін тарту ЕАЭО-да қолданылатын карантиндік фитосанитариялық шаралардың негіздемесін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі»,
- деп атап көрсетті Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Ажар Каджибекова.​