Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізі бағыттарын дайындау бойынша жұмыс істеуде

ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізі бағыттарын дайындау бойынша жұмыс істеуде

26.09.2016

22 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік қауымдастығы (ҚБҚ) Байқаушы кеңесінің жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ қаржы нарығын құруға қолданылатын тәсілдемелер, сондай-ақ ҚБҚ-ның ЕЭК-пен инвестициялар және банк салаларында туындайтын кедергілердің мониторингі бойынша өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды.

Тимур Сүлейменов қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізі бағыттарын дайындау жөніндегі Комиссияның жұмысы туралы хабардар етті. ЕЭК өкілі Одақты қалыптастырудың негізгі міндеттерінің бірі ортақ қаржы нарығын құру болып табылатындығын еске салды. Оны іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақ елдерінің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үндестіруді жүзеге асыруда, сондай-ақ мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарын дамытудың негізгі бағыттары бойынша келісімдер жобаларын дайындауда.

«Қазір қаржы нарықтарын дамытудың ұлттық стратегияларын ескере отырып, Одақтың ортақ қаржы нарығын құруға мүше мемлекеттердің келісілген тәсілдемелерін қалыптастыру қажет», - деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі.

Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттары шеңберінде осындай жұмыс жүргізілетін болады. Бұдан басқа, құжат Шартта қойылған оның құқықтық негіздерін қалыптастыру жөніндегі міндеттерді, оны құрудан күтілетін нәтижелерді, құру талаптарын, сондай-ақ оны қалыптастыруға ықпал ететін мерзімдерді, қағидаттарды, тетіктер мен құралдарды нақтылауға бағытталады. Атап айтқанда, заңнаманы үндестіру (жақындату), әкімшілік ынтымақтастық, инфрақұрлым негізінде және ортақ қаржы нарығының институционалдық негізі бойынша нақтылауға бағытталады. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің айтуынша, 27 қыркүйекте құжат ЕЭК Алқасының қарауына ұсынылмақ.

Тимур Сүлейменов ынтымақтастықты дамытудың анықталған проблемалары мен бағыттары бойынша Қауымдастық баяндамасын дайындауды да ұсынды.

ҚБҚ Үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Мурычев ҚҚБ-ның 2016 жылдағы жұмысы туралы баяндама жасады. ҚБҚ Бас директоры Олег Березовой мен Қауымдастық мүшелері бағыттар бойынша қызметтің дамуы туралы айтып берді.

Кеңесте ұлттық валюталардағы клирингтік есептесулер жүйесін ұйымдастыру проблемалары, Еуразиялық экономикалық одақтағы банкаралық төлемдердің жай-күйі, қаржы инновацияларын енгізу перспективалары, Одақтың қаржы нарығында кәсіби біліктілік жүйесін дамыту қаралды.

Кеңес жұмысына ЕЭК пен ҚҚБ өкілдері қатысты.

Анықтама

Қазақстан Республикасы Банктері қауымдастығы, Ресей Өңірлік банктері қауымдастығы, Тәжікстан Банктері қауымдастығы. Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы, ШЫҰ Іскерлік клубы, ӨКХК Қаржы корпорациясы, ТМД Қаржы-банктік кеңесі ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік  қауымдастығының құрылтайшылары болып табылады. Қауымдастық 2013 жылғы 11 қыркүйекте тіркелген.

Қауымдастықтың негізгі міндеті – ШЫҰ, БРИКС, ЕАЭО, ЕО  елдеріндегі Қауымдастық мүшелері – ұлттық қаржы нарықтары қатысушыларының тиімді қызметі үшін бизнес-жобаларды іріктеп алу және іске асыру, Инвестициялық жобалардың Еуразиялық банкін  құру барысында банкаралық коммуникацияларды түзу, банкаралық ынтымақтастықты жолға қою арқылы қолайлы жағдай ұйымдастыру.

40-тан астам құрылым, соның ішінде ТМД, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Орталық және Шығыс Еуропа қаржы-банктік қауымдастықтары, Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Словенияның, Румынияның, БАӘ-нің банктері мен коммерциялық құрылымдары ЕАЫ ҚБҚ-ның мүшелері және әріптестері болып табылады.

Қауымдастықтың ҚХР-да, Сингапур мен БАӘ-де, Болгарияда, Оңтүстік Шығыс Еуропада, Беларусьте, Қазақстанда, Ресей өңірлерінде өкілдіктері бар.

2016 жылғы мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов Қауымдастықтың басшы органы – Байқаушы кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің бұрынғы директоры Бембя Хулхачиев Байқаушы кеңестің мүшесі болды. ЕЭК Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары Вадим Ковалев ЕАЫ ҚБҚ Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.