Жүйеге кіру
Тигран Саркисян «Еуразиялық аптада» «ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебін» ашты

Тигран Саркисян «Еуразиялық аптада» «ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебін» ашты

IMG07303.jpg
26.09.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің жас белсенділері мен жұмысын жаңа бастаған дипломаттарын біріктіретін «ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебін» өткізу IV «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы бағдарламасы жастар трегінің түбірлі бөлігі болды.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян форум үшін жастар күн тәртібінің жоғары маңызы бар екенін атап өтті.

 

«Жаңа толқын келуде және бізге замани жастардың кім екенін білу, бағалау маңызды.Сіздер басқаша ойлайсыздар, сіздер өздеріңізді де, әлемді де өзгеше қабылдайсыздар. Мұны түсіну үшін бізге сіздерді тыңдау керек. Өйткені біздің елдеріміздің болашағы – сіздер»,- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы. 


ЕАЭО-ның жас көшбасшыларымен кездесу кезінде Тигран Саркисян жастардың айрықша назар аударуы қажет замани әлем дамуының бірқатар жаһандық үрдістерін белгілеп көрсетті. Олардың арасында - ақпараттық тасқынның өскелең көлемі мен жылдамдығы бар.

 

«Сіздердің толқын өзгерістердің тығыздығы фантастикалық мән алатын күрделі уақытта өмір сүретін болады. Бұл жаңа технологиялар мен приборларға ғана қатысты емес, өмірдің салты мен құндылықтары өзгереді. Сіздердің ең басты үйренетін нәрселеріңіз – ойлай білу және ақпаратпен жұмыс істей білу, өйткені кез келген білім тез ескіреді» - деді жас көшбасшыларға Тигран Саркисян.

 

Соншама байсалды өзгерістер жағдайында стратегиялық дамудың ортақ міндеттерін шешу үшін интеграциялық бірлестіктердің, өңірлер мен мемлекеттер бірлестіктерінің рөлі арттады. ЕЭК Алқасы Төрағасының сөзінше, әлемде көп адам мұндай кооперацияның қажеттігін әлдеқашан түсінді, халықаралық ауқымдағы жобалар мен бастамаларды белсенді дамыту соның себепшісі болып отыр. 

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына, соның ішінде ЕАЭО аумағында жастардың кәсіпкерлік бірлестіктерін құру мен дамыту аспектілеріне, Одақ елдерінің бұдан арғы жақындасу және оған басқа мемлекеттерді тарту перспективаларына, сондай-ақ Еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестердің әлеуметтік нәтижелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

 
ЕЭК Алқасының Төрағасы Одақ елдерінің бүгінгі таңдағы интеграциясы қағидатты түрде жаңа - экономикалық негіздерде құрылып жатқанын атап өтті. «ЕАЭО-ның базалық қағидаты – тең бөлінушілік. Халықтың саны мен ЖІӨ көлеміне қарамастан, біз реттеуші нормативтік актілерді қабылдау кезінде бәріміз бірдей теңбіз»,- деп атап көрсетті Тигран Саркисян.

 

Анықтама 

 

«Еуразиялық апта» форумы ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болады. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңдар ұйымдастыруды бағамдап отыр. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.


Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.