Жүйеге кіру
«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсына қатысушылар халықаралық инвесторларға өз жобаларын ұсынды

«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсына қатысушылар халықаралық инвесторларға өз жобаларын ұсынды

26-09-2019-12-img.jpg
26.09.2019

«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсына қатысушылар 26 қыркүйекте Бішкекте «Еуразиялық апта - 2019» форумы шеңберінде «IT-Инвестшоу»-ға жиналған тәжірибелі халықаралық инвесторларға өздерінің әзірлемелерін ұсынды. Іс-шараны аша келіп, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Хажак Караян: «Бүгінгі «IT-Инвестшоу»-да инвесторлар мен сарапшылар алдында бес жоба өзін көрсетеді. Бұл 2018 және 2019 жылдардағы конкурстың таңдаулы жобалары. Олар өздерінің күшті әрі әлсіз жақтары туралы инвесторлардың қорытындысын, сондай-ақ дамыту жөнінде ұсынымдар алады. Өз кезегінде «IT-Инвестшоу» инвесторлары қызықты инновациялық жобалармен танысып, ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі цифрлық күн тәртібінің дамуына да өз үлестерін қоса алады. Біздің жобаларымызға күшті әріптестер табуды, ал инвесторларға – ынтымақтастықтың қызықты бағыттарын және «цифрдың» көмегімен біздің әлемімізді ыңғайлы да жақсы ететін әзірлемелер тілеймін», - деп мәлімдеді.

«IT-Инвестшоу»-да инновациялық жобалардың әзірлемелерін қарағандар:

  • Юрий Мельничек, Bulba Ventures қорының негізін салушы, 

  • Олжас Әлтаев, QazTech Ventures бизнес-инкубациялау және акселерация департаментінің директоры,

  • Тариель Кошоев, Central Asia Capital инвестициялық бөлімінің басшысы, 

  • Аман Тентиев, Tech FARM негізін салушы және басқарушы әріптес, 

  • Алексей Алексеенко, «ИТ-парк» жоғары технологиялар саласындағы технопарк» МАМ басшысы,

  • Александр Углов, Altergate Сингапур инвестициялық холдингінің даму жөніндегі директоры.

Инвесторлар алдында инвестициялық жобалардың өкілдері - 2019 жылғы конкурстың жеңімпаздары: SmartCheckE-Agro-Map, AgroStream, «ЕАЭО-дағы онлайн-сауда үшін әмбебап төлем агрегаторы», сондай-ақ 2018 жылғы конкурс финалисі «СертЧейн» өздерін көрсетті. SmartCheck микрочиптер көмегімен тауардың түпнұсқалығын тексеру платформасын білдіреді. Жоба NFC технологиясын және  орталықсыздандырылған дерекқорды біріктіретін инновациялық идеяны ұсынады.Сервис чиптерді бағдарламалайды және өзінің тауарын қорғағысы келетін брендке ақпарат жөнелтеді. E-Agro-Map  фермердің электрондық ауыл шаруашылығы карталары, ол алқаптың шекарасын айқындауға, 33 ауыл шаруашылығы дақылын отырғызу мүмкіндігін бағалауға, өңдеуші және сауда компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. AgroStream агрокәсіпорындар процестерін басқару үшін бағдарламалық шешім. AgroStream автоматтандыру объектілері өсімдік шаруашылығымен айналысатын (егіс көлемі 5 мың га асатын) ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері болып табылады. Сервис агрокәсіпорын қызметінің: негізгі бизнес-процестерді жоспарлау мен бақылаудан бастап өнімнің өзіндік құнын талдауға, жоспар-фактілік талдауға, алқаптар тарихын сақтау мен әрбір алқап пен дақылға технологиялық карта жасауға дейінгі барлық саласын қамтиды. «ЕАЭО-дағы онлайн-сауда үшін әмбебап төлем агрегаторы» – сауда интернет-алаңдарына барлық мүше мемлекет үшін төлем құралдарын ұсынатын төлем платформасы. «СертЧейн» – сертификаттардың түпнұсқалығын қорғау мен сақтау үшін блокчейн-технологиялармен тауарлар мен қызметтер көрсетуді тез сертификаттаудың web-платформасы. Платформа сертификаттауға арналған өтінімді үш шертумен беруге және оның мәртебесін нақты уақытта қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сертификаттаудың барлық сатысы ашық, ол аяқталысымен блокчейн-технологияларды пайдалана отырып сертификат шығарылады. Мүше мемлекеттерде сертификаттау нарығы 7 млрд долл.бағаланады. Алдағы үш жыл ішінде «СертЧейн» жобасы шамамен 210 млн долл. тұратын ЕАЭО сертификаттау нарығының 3%-ын алуды жоспарлап отыр. Анықтама «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсы - Еуразиялық экономикалық комиссия 2018 жылы ойдағыдай іске асырған, 2019 жылы іске асыратын және 2020 жылы іске асыруды жоспарлап отырған мемлекетаралық жоба. Конкурс мүше мемлекеттері экономикасының цифрлық трансформациясы саласындағы практикалық тәжірибені сараптау және алмасу үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық алаң болуды мақсат тұтады. Ол консорциумдар пулы мен кооперациялық байланыстарды қалыптастыру процестерінің шапшаңдатқышы болуға тиіс, бұл цифрлық күн тәртібін іске асыруды айтарлықтай жылдамдатуға және экономиканың көптеген секторында Еуразиялық экожүйені қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.