Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Бізде өзіміздің меншікті цифрлық күн тәртібімізді құрудың тарихи мүмкіншілігі бар»

Тигран Саркисян: «Бізде өзіміздің меншікті цифрлық күн тәртібімізді құрудың тарихи мүмкіншілігі бар»

20190926120709.jpg
26.09.2019

IV «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумының бағдарламасы Еуразиялық жобаның алдында тұрған сын-қатерлерге және оның стратегиялық даму перспективаларына арналған жалпы отырыспен ашылды. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеңістігіндегі Еуразиялық тақырыптамаға арналған аса ірі форум екі мыңнан астам қатысушы жинады.

 

Іс-шараның ашылуында Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев сөз сөйледі. Оның сөзінше, ЕАЭО-ны бүгінгі күннің өзінде әлемдік экономикада түбірлі ойыншы болып отырған бірегей интеграциялық бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл халқы 180 миллионнан асатын, аумағы 20 млн шаршы км алып жатқан нарық неғұрлым тартымды бола түсуде, әлемнің ірі елдері онымен әріптестік қатынас орнатуды қалайды.

 

«Бір ғана мысал: Одақтың сыртқы сауда айналымы үздіксіз өсуде және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 491 млрд долларға жетті. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 200 млрд. Бізде Қырғызстанда сыртқы сауда айналымы 1,6 млрд долларға өсті - біздегі сияқты жинақы экономика үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Басқа елдердегі әріптестерімізде де өсу бар»,- деп сөйледі Мухаммедкалый Абылгазиев.

 

Пікірсайыс модераторы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян болды. Спикерлердің арасында - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Жениш Разаков, Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Данил Ибраев бар. Пікірсайысқа сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ірі бизнес-құрылымдарының және салық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.


Тигран Саркисян ЕАЭО өндірушілері сыртқы нарыққа шығу кезінде басқа елдердің және интеграциялық бірлестіктердің өскелең бәсекесіне ғана емес, сол сияқты қалыптасып жатқан қағидатты жаңа технологиялық салтқа тап болғанын, Одақ елдері бірлескенде ғана оның бір бөлігі бола алатынын атап өтті.

 

«Бізде өзіміздің меншікті цифрлық күн тәртібімізді құрудың тарихи мүмкіншілігі бар. Біздің артықшылығымыздың неде екенін және Еуразиялық одақ жаһандық ойыншы бола алуы үшін не нәрсеге талаптануы қажеттігін түсінген абзал. Бұл проблеманы біз жалғыздап шеше алмаймыз. Аса ірі трансұлттық корпорациялар әлдеқашаннан артықшылықтарға ие, өйткені олар орасан зор дерекқор жинап алды және солардың негізінде неғұрлым оңтайлы әрі тез шешім табады, қорытындысында неғұрлым төмен бағалармен өзінің қызметтер көрсетуін ұсынады. Бүгінде біз осы күреске қосылуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырып жатырмыз».


Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Жениш Разаков: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі мүше мемлекеттерде өндірілетін тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың салмақты факторы болып табылады. Оның дамуы экономикалық белсенділікті одан әрі арттырудың және мүше елдердің инвестициялық тартымдылығы өсуінің де қосымша қозғаушысы болады. ЕАЭО-ға интеграция біздің ел үшін тауарларды, қызметтер көрсетуді, жұмыс күшін ілгерілету мәселелерінде көп мүмкіндіктер ашты. Одақтағы қатысу бізді өндірілетін өнім сапасы стандарттарын артыру, замани зертханалық инфрақұрылым қалыптастыру, сыртқы шекараларда өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жұмысқа итермеледі»,- деп атап көрсетті

 

Қатысушылар Одақтың таяу перспективаға арналған экономикалық күн тәртібі жөнінде ұсыныстар қалыптастырды. Қызметтің басым бағыттары арасында цифрландыру, логистика, төрешілдік тосқауылдар және басқалар белгіленіп көрсетілді.


Анықтама 

 

«Еуразиялық апта» форумы ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болады. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңдар ұйымдастыруды бағамдап отыр. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.