Жүйеге кіру
ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарығы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады

ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарығы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады

_P9A9402.jpg
26.09.2019

IV «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы жұмысының бірінші күні шеңберінде «Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтары: энергия қауіпсіздігін арттыру факторлары және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясы болып өтті.

 

Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиевтің төрағалығымен өтті. Сондай-ақ оған Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Вадим Закревский мен Қырғызстан Ұлттық энергия холдингі басқармасының төрағасы Айтмамат Назаров қатысты.

 

«Біздің Одақ энергия ресурстарын өндіру бойынша әлемде жетекші орын алатынын айрықша атап өту қажет. ЕАЭО-ның жиынтық энергетикалық әлеуеті айтарлықтай, ал оны тиімді пайдалану нағыз әртүрлі сын-қатерлерге қуатты жауап беру болуға қабілетті»,- деп атап көрсетті Эмиль Кайкиев.

 

ЕАЭО-да электр энергиясының ортақ нарығын құру қызу жүріп жатыр. Биылғы мамырда ЕАЭО елдерінің президенттері Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы халықаралық шартқа қол қойды. Құжат ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы нарығының қалыптасуының, жұмыс істеуінің және дамуының құықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ Одақ органдарының тиісті өкілеттіктерін көздейді. Сонымен бірге онда Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуіне қол жеткізу, олардың қызметін реттеу және бақылау туралы ережелер айқындалған. 

 

Ортақ электр энергиясы нарығының жұмысын бастау үшін елдердің әлі де құжаттар пакетін дайындауы және бекітуі қажет. Сөз ортақ электр энергиясы Одақтың нарығы жұмыс істеуінің төрт қағидасының жобасы, сондай-ақ орталықтандырылған сауда регламенттері туралы болып отыр. Алдағы уақытта бұл құжаттар реттеуші әсерді бағалау және Одақ органдарының мақұлдау рәсімдерінен өтеді. Бұл ЕЭК елдермен бірлесіп орындауға тиіс болатын үлкен жұмыс. Ол ЕАЭО елдерінің бизнесі мен бейінді ведомстволарын тарта отырып, әртүрлі деңгейде талқылауды қамтиды. Эмиль Кайкиев хабарлағандай, таяу күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімі дайындалады, ол осындай актілерді қабылдау мерзімдерін белгілейді. Бұлардың бәрі 2025 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей күшіне енуге тиіс.

 

Бұл қағидалар пакет түрінде күшіне енгеннен кейін ғана электр энергиясының ортақ нарығы іске қосылуы мүмкін. Алайда бастапқы энергоресурстар құнының электр энергиясын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне жоғары әсерін және газбен жұмыс істейтін электр станцияларының үлкен үлесін ескере келгенде, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы бастапқы энергия ресурстарының ортақ нарықтарын құрғаннан кейін ғана генерация құрылымында толық ауқымды және толық мәнді іске қосыла алады.

 

Комиссия елдермен бірлесіп, Одақтың 2025 жылдан кешікпей іске қосылуы мүмкін ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құруға дайындық жүргізуде. ЕАЭО елдерінің басшылары бұл нарықтардың жұмыс істеу бағдарламасын 2018 жылғы 6 желтоқсанда бекітті. Сарапшылар оларды іске қосу «бестік» мемлекеттеріне ЖІӨ арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Эмиль Кайкиев бұл перспективаны: «Энергия ресурстарының құрылып жатқан нарықтары оған Еуразиялық «бестік» елдері энергия компанияларының қатысуы үшін ашық. Ашық нарықтар архитектурасы мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында газ тасымалдау мен жеткізу, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және жеткізу саласындағы тікелей өзара іс-қимылды бағамдайды. Ортақ нарықтардағы сауда тікелей шарттар бойынша да, сол сияқты биржалық алаңдарда да жүзеге асырылатын болады»,- деп белгіледі.

 

Бұдан басқа, мұнай және мұнай өнімдері ортақ нарықтарының толық мәнінде іске қосылуы мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халқы үшін қол жеткізушілікті арттыруға, тәуелсіз өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді, сайып келгенде, түпкілікті тұтынушылар үшін мұнай өнімдеріне арналған бағаны азайтуға ықпал етеді.

 

Одақ энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру экономикалардың орнықты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздіктің нығаюына және ЕАЭО-да, әлемдік нарықта өндірілген тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін болады. Осының бәрі Одақтың интеграциялық іргетасын бекемдеуге салмақты үлес қосып, тұтастай алғанда Еуразиялық өңірді дамытудың қуатты факторы бола алады.


Дөңгелек үстел барысында энергия қауіпсіздігі және энергия тиімділігі тұрғысында ЕАЭО елдерінің жылу-энергетика кешендері жай-күйінің және дамуының мәселелері де талқыланды. Бұдан басқа, Одақ энергетика нарықтары дамуының стратегиялық мәселелерін шешуге бизнесті тарту перспективаларына көңіл бөлінді.

 

Анықтама

 

«Еуразиялық апта» форумы ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болады. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңдар ұйымдастыруды бағамдап отыр. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.

 

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.