Жүйеге кіру
2019 жылғы «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының қорытындылары шығарылды

2019 жылғы «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының қорытындылары шығарылды

IMG08349.jpg
26.09.2019

2019 жылы «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсында бірінші орынға микрочиптер көмегімен тауардың түпнұсқалығын тексеру платформасы - SmartCheck жобасы, Армения Республикасы ие болды. Екінші орында - E-Agro-Map – электрондық ауыл шаруашылығы карталарын өндіру жобасы, Қырғыз Республикасы. Үшінші орында – агрокәсіпорындар процестерін басқару жөніндегі шешімді білдіретін AgroStream жобасы, Қазақстан Республикасы. Сбербанкіден импорт пен экспорт үшін шешімдер мен сервистердің онлайн-платформасы - «Бизнес-Әріптестер Банкі», Ресей Федерациясы және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін бірыңғай төлем платформасы – «ЕАЭО-дағы онлайн-сауда үшін әмбебап төлем агрегаторы», Беларусь Республикасы «Еуразиялық экономикалық комиссияның ұнатуы» санатында жеңімпаз болды.

«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының қорытындылары 2019 жылғы 25-27 қыркүйекте Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өткен «Еуразиялық апта» халықаралық форумында шығарылды. 

Жеңімпаздарды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Жениш Разаков және конкурстың қазылар алқасының төрағасы, ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян хабарлады және наградтады.

«Біздің конкурсымыздың мақсаты - Одақтың цифрлық күн тәртібіне деген қызығушылықты ынталандыру: біз өздерінің бастамаларын көрсетіп, жобаларын ұсынуы үшін жас адамдарды тартамыз, ал біздің сарапшы қоғамдастық солардың ішінен таңдаулыларды іріктейді. Конкурс жас кәсіпкерлерге өз күштерін ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін іске асырып жатқан адамдармен біріктіріп, Одақтың қалыптастып жатқан экожүйесіне цифрлық шешімдерді ендіру үшін жақсы мүмкіндіктер береді»,- деп мәлімдеді Тигран Саркисян.

 

«Конкурс бағдарламасы өте мазмұнды. Мұндай форматтағы іс-шара Бішкекте бірінші рет өткізіліп отыр. Қырғыз Республикасы Үкіметі атынан конкурстың барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және жақсы нәтижелер тілеймін. Ең бастысы - Одағымызда экономика дами берсін, ал халықтың әл-ауқаты арта түссін»,- деді Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Жениш Разаков.

 

«Біздің негізгі мақсатымыз – төрт «бостандықты» қамтамасыз ету. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы тауарлардың, жұмыс күшінің, капиталдың және қызметтер көрсетудің еркін жүріп-тұруы. тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің бірыңғай нарығын қалыптастыру «цифр» арқылы ғана мүмкін болады. Біздің конкурсымыз осы мақсатқа жету жолындағы қадамдардың бірі. Бұл Одаққа мүше мемлекеттердің цифрлық трансформация саласындағы практикалық тәжірибесін сараптау және алмасу жолындағы мемлекетаралық алаң»,- деп атап көрсетті конкурстың қазылар алқасының төрағасы, ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян.

 

Конкурстың ақшалай жүлде қоры 1 миллион рубль құрайды. Бұдан өзге, конкурс жеңімпаздарына «Еуразиялық апта» шеңберінде «IT-Инвестшоу»-да перспективалық әзірлемелер авторларымен ынтымақтастыққа мүдделі сарапшылар мен инвесторлар алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан басқа, олармен ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның бірқатар департаменті өкілдерімен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Конкурстың жүлде қорын қалыптастыруға көмектескен әріптестер ретінде «Айтеко» компаниясы, «ТОПС Консалтинг», «Салааралық мониторинг орталығы», «Әріптестік орта»,  «Регламент» баспа үйі, болашақ қаржылық қызметтер көрсету туралы портал Futurebanking.ru, «Манн, Иванов и Фербер» баспасы және басқалар өзін көрсетті.

 

Анықтама

 

«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсы - Еуразиялық экономикалық комиссия 2018-2019 жылдары сарету туралы портал жөніндегі Алқа мүшесі (министр) асумемлекетаралық жоба. Оның мақсаты - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға маңызды үлес қосуға қабілетті компаниялар мен жобаларды анықтау.

 

2019 жылы конкурсқа Одақтың барлық бес мемлекетінен цифрлық күн тәртібін үш салада: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, саудада іске асыруды ұсынған 200-ге жуық инновациялық жобалар қатысты. Цифрлық экономика мәселелері жөніндегі 100-ге жуық сарапшы жобалармен жұмыс істеді. Одақтың әрбір мемлекеттегі бес жартылай финалдан кейін конкурс финалына 15 жоба жетті. Олардың ішінен бесеуі жеңімпаз болды. 

 

«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсы туралы жан-жақты ақпаратты http://contest.eaeunion.org сайтынан алуға болады.