Жүйеге кіру
Тигран Саркисян ЕАЭО-ның Иранмен ынтымақтастығы туралы: «Іскер қоғамдастықтың мүдделерін барынша ескеру және қажетті қолдауға кепілдік беру өте маңызды»

Тигран Саркисян ЕАЭО-ның Иранмен ынтымақтастығы туралы: «Іскер қоғамдастықтың мүдделерін барынша ескеру және қажетті қолдауға кепілдік беру өте маңызды»

20190926153927.jpg
26.09.2019

IV «Еуразиялық апта - 2019» халықаралық көрме форумы шеңберінде Бішкекте 25 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Иранның сауда, өнеркәсіп, кен ісі және ауыл шаруашылығы палатасының президенті Голам-Хоссейн Шафеи жұмыс кездесуін өткізді.

 

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісім шеңберіндегі ынтымақтастықтың қаржылық, кедендік және техникалық аспектілерін талқылады. Келісім биылғы жылғы 27 қазанда күшіне енеді.

«Біздің елдеріміздің толық өзара түсіністігі бар,- деп атап көрсетті Тигран Саркисян.- Бірақ іскер қоғамдастықтың мүдделерін барынша ескеру, біздің ынтымақтастығымыздың түсінікті механизмін тұжырымдау және бизнеске қажетті қолдауға кепілдік беру өте маңызды».

Өз тарапынан Голам-Хоссейн Шафеи Иранның ЕАЭО-мен өзара іс-қимылының бірінші кезектегі міндеттері ретінде елдердің арасында азаматтардың және капиталдың қозғалысы үшін оңайлатылған рәсімді жолға қою қажеттігін атап өтті.

 

«Иранның іскер қоғамдастығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатынастарды дамытуға өте мүдделі,- деді Иран сауда палатасының президенті.- Келісім ашып отырған біздің өзара іс-қимылымыздың мүмкіндіктері өте жоғары».

 

Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың қаржылық және техникалық мәселелері бойынша дербес диалог қажет екенін атап көрсетті. Бұл ретте, алдағы келіссөздер неғұрлым тиімді болуы үшін, Тигран Саркисян ирандық әріптестерінен, Иран бизнесінің пікірінше, ізеуіртті талдаудың нысанасы бола алатын тақырыптар тізбесін ұсынуды сұрады. Өз кезегінде Иран тарапына Одақ елдері кәсіпкерлерін қызықтыратын аспектілер ұсынылатын болады.