Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Ұлттардың Анд қоғамдастығының бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педрас Гутьеррес ынтымақтастық перспективаларын талқылады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Ұлттардың Анд қоғамдастығының бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педрас Гутьеррес ынтымақтастық перспективаларын талқылады

20190926160103.jpg
26.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Латын Америкасының ең байырғы интеграциялық бірлестіктерінің бірі – Ұлттардың Анд қоғамдастығының бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педрас Гутьерреспен келіссөз жүргізді. Кездесу 26 қыркүйекте Бішкекте «Еуразиялық апта» халықаралық форумы шеңберінде болып өтті. 

 

Тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


Тигран Саркисян ЕЭК пен Анд қоғамдастығының Бас хатшылығы – оның басшылық етуші органы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде диалогты дамыту үшін жақсы перспективалар бар екенін атап көрсетті. 2017 жылы қол қойылған Меморандум ақпарат алмасу және бизнес-қоғамдастықтардың, сарапшылық топтардың әрі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Анд қоғамдастығы елдері билік органдары өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізу үшін негіз қалады.

 

Өз кезегінде Хорхе Эрнандо Педрас Гутьеррес ЕАЭО мемлекеттері мен Анд қоғамдастығының мүдделері үшін алдағы тиімді өзара іс-қимылға әзірлігін білдірді. Ол Анд қоғамдастығы елдерінің Еуразиялық экономикалық одаққа маңызды әрі перспективалы сауда-экономикалық әріптес ретінде қарайтынын атап өтті.