Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО трансшекаралық нарықтардағы өнеркәсіп саласында бәсекелестікті адвокаттау бойынша халықаралық конференция өткізді

ЕЭК ЕАЭО трансшекаралық нарықтардағы өнеркәсіп саласында бәсекелестікті адвокаттау бойынша халықаралық конференция өткізді

23.10.2015
 22 қазанда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың төрағалығымен «Еуразиялық экономикалық одақтыңтрансшекаралық нарықтарындағы өнеркәсіп саласында бәсекелестікті адвокаттау» атты халықаралық конференциясы өткізілді.

Конференцияда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын анықтау және оның жолын кесу мақсатымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭОтрансшекаралық нарығындағы бәсекелестік жағдайының зерттеулері ұсынылдытеміржол көлігімен жүктер тасымалдаудың нарығына, Одақ елдеріндегі роуминг бойынша байланыс қызметтерінің бағаларына, жосықсыз бәсекелестік оқиғаларынасондай-ақ «параллельдік» импортты заңдастыру мәселелеріне жасалған талдауды қаралды.

Конференцияның жұмысына ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі атқарушы билік органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Одақтың монополияға қарсы органдарының басшылары, Түркияның Бәсекелестік ведомствосының президенті Омер Турлак, Корея Республикасының Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі қызметінің басшысы Ким Санг-Кю, сондай-ақ ғылыми топтардың және бизнес қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы жалпы қағидалардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыратын монополияға қарсы ұлтүсті орган өз ісін бастады;Одақтың монополияға қарсы реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық базасы құрылдыЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіру ісі аяқталады.

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» заңнамасы 90%Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекет басшыларымен бекітілген «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңының нормаларымен имплементацияланды.Салыстыру үшінБеларусь пен Ресейде Модельдік заңның нормаларының имплементациялану деңгейлері, тиісінше, 60% және94% құрап отыр.

Монополияға қарсы орган ретінде, ЕЭК қызметінің басымды бағыттарының бірі - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)трансшекаралық нарығындағы бәсекелестік жағдайын бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын анықтау және оның жолын кесу мақсатымен зерттеусондай-ақ трансшекаралық тауар нарықтарына кірудегі әкімшілік және өзге де тосқауылдарды жою туралы ұсыныстарды әзірлеу.

Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау нарығына жасалған талдау ТМД теміржол келісімдерінің шеңберінде транзиттік тарифтердің қолданылуы ЕАЭО біріздендірілген (ішкі) тарифтерімен салыстырғанда, тасымалдау құнының 2-3 есеге дейін жоғарылауына апаратнын, осының өзі әлемдік тауар нарықтарында Одақ тауарларының бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететінін көрсетті. ЕАЭОтуралы Шарттың күшіне енуіне байланысты қазақстандық жүктерді Ресей Федерациясының порттары арқылы үшінші бір елдерге теміржолмен транзиттік тасымалдаулар кезінде біріздендірілген (ішкі) тарифтер қолданылады. Алайда, егер транзит ресейлік порттар арқылы жүзеге асырылмайтын болса, қазақстандық жүк жөнелтушілер тасымалдаулар үшін артық төлеуге тиіс болады: контейнерлердегі ферроқорытпалар – 1,7 есе; көмір – 2,3 есе; алюминий – 2,1 есе. Қазақстан Республикасындағы жүк жөнелтушілердің құрлық шекаралық өткізу бекеттері арқылы транзиттеу кезіндегі үнемдеуі 329 млн АҚШ долл.бағаланады, Ресей Федерациясынікі – 246 АҚШ долл.бағаланады, Беларусь Республикасынікі – 14 АҚШ долл.бағаланады. Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағалардың төмендеуі, ЕАЭО транзиттік тарифтерінің теңестірілуі жағдайларында өндірушілерге теміржол экспорттық тасымалдарында үнемдеуге мүмкіндік береді: яғни, ферроқорытпаларды – 1,7 млрд теңгеге дейін, көмірді – 14 млрд теңгеге дейін, алюминийді – 500 млн теңгеге дейін.

Бәсекелестікті дамыту әрі ЕАЭО-ға және одан орындалатын теміржол транзиті кезінде тарифтердің теңестірілуі бойынша ұсыныстарды осы жылдың қараша айында ЕАЭО монополияға қарсы органдары басшыларының, және де бәсекелестік және монополияға қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін ЕЭК Министрінің кезекті отырысында қарау жоспарланып отыр.

ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі тұрғындар роумингтегі ұялы байланыс қызметтерінің трансшекаралық нарығында Одақтағы роуминг байланыс қызметінің қымбат болуы проблемасымен кезігіп отыр. Комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың монополияға қарсы органдарымен бірлесе отырып, әділетті роуминг қағидаттарын әзірлеп енгізуде, оның пайдаланылуымен ЕАЭО ірі ұялы байланыс операторлары роумингтегі абоненттер үшін тарифтерді белсенді түрде төмендетуді бастады. 2015 жылдың 30 қарашасына жоспарланған Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Ішкі комитетінің кеңейтілген отырысы ЕАЭО аумағында роумингтегі ұялы байланыс қызметтеріне тарифтердің төмендетілуі мәселелеріне арналатын болады. 2016 жылы Комиссия бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра түспек.

Трансшекаралық нарықтарда өндірушілер тауардың санына, сапасына, тұтынушылық қасиеттеріне, өндірілген жеріне және басқа да қасиеттеріне қатысты тұтынушыларды шатастыру, бәсекелесі туралы және оның тауары жайлы қате пікір қалыптастырып, тарату сияқты бәсекелестіктің тыйым салынған әдістерін пайдаланудың есебінен бәсекелестерінің алдында негізделмеген артықшылықтар алғанда, жосықсыз бәсекелестіктің оқиғалары орын алуы мүмкін.

Қазақстандық дүкендердің сөрелерінде дизайнында таудың баурайындағы киіз үй мен қазақтың оюлары салынған суреттері бар «Атамекен» деп аталып жүрген белоруссиялық өндірісте шығарылған концентрацияланған стерильденген сүтті кездестіруге болады. Егер өндіруші тұтынушының осындай өнімдерді қазақстандық тауар деп қабылдап, оның таңдауына себепкер болатынына сенім артса, бұл дерек жосықсыз бәсекелестіктің актісі ретінде қаралатын болады. Сондай-ақ, нарықта «Қазақстан» деген «мен мұндалап» тұрған белоруссиялық стерильденген сүт сатылымда жүр. Комиссия осындай жосықсыз бәсекелестіктің ықтималды деректері бойынша тиісті зерттеулер өткізіп жатыр.

«Параллельдік» импортты да заңдастыру ісі өзекті болып отыр. «Параллельдік» импорттауға тыйым салу жағдайларында, мәселен, бағаларды салыстыру нәтижесінде «Фосаванс» дәрілік затының тағасы Қазақстандағы бағасына қарағанда Ұлыбританияда екі есеге арзан екендігі анықталды. Caterpillar» (АҚШ) жабдықтарының құны Қазақстандағы ресми дилерлерден сатып алған кездегі бағасы, «Ресей Федерациясындағы бағасына қарағанда, 28 пайызға қымбат екен. Импортты «параллельдік» заңдастыру ісі ЕАЭС туралы Шартқа өзгерістер енгізілуін талап етеді. Сондықтан Комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттерімен бірлесе отырып, мынадай тауарлардың топтары үшін құқықтардың шектелуі халықаралық қағидатын қолданудың қажеттілігін талқылады: медициналық техника, дәрілік заттар, станоктар мен жабдықтар, автомобильдік қосалқы заттар, электр және тұрмыстық техника, киім-кешек, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, спорттық керек-жарақтар.

Конференцияның шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі қызметінің арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат сатып алуларды реттеу саласындағы тәжірибелермен және ақпаратпен алмасу; құқықтық реттеу, технологиялық қамсыздандыру мәселелері бойынша бірлесіп мониторинг жүргізу және консультациялар өткізу, электронды мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіре түсу, сондай-ақ басқа да зерттеулердің жолымен ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылардың, бәсекелестіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің жалпы ережелері бұзылуының жолын кесу, ЕАЭО трансшекаралық тауар нарықтарындағы орын алып отырған проблемаларды шешу мақсатында бәсекелестікті адвокаттау жөніндегі алдағы бірлескен жұмысын белгілеп беретін қарар қабылданды.