Жүйеге кіру
ЕЭК Салық саясаты жөніндегі Консультативтік комитетінің өкілдері Венаның Экономика және бизнес университетіндегі австриялық және халықаралық құқық Институтымен ынтымақтастық туралы меморандумды талқылады

ЕЭК Салық саясаты жөніндегі Консультативтік комитетінің өкілдері Венаның Экономика және бизнес университетіндегі австриялық және халықаралық құқық Институтымен ынтымақтастық туралы меморандумды талқылады

26.11.2015

Жұмыс кездесуінің барысында Венадағы Вена Экономика және бизнес университетінің Қоғамдық қаржы Академиясында Еуразиялық экономикалық комиссиясының жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитеттің жауапты хатшысы Нұрматбек Мәмбеталиев пенВенаның Экономика және бизнес университетіндегі Жаһандық салық саясаты Институтының (Қоғамдық қаржы академиясы мен Австриялық және құқық академиясы)директоры, профессор Джеффри Оуэнс Өзара түсіністік туралы Меморандумның жобасындағы негізгі ережелерді талқыладыМеморандумның жобасында Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитет пен Венаның Экономика және бизнес университетіндегі австриялық және халықаралық құқық Институты арасындағы өзара қарым-қатынастарды орнату көзделген.​​

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия интеграциялық бірлестіктердегі салық салу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеуде, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеушілігі проблемасының жойылуына қатысты жұмыс жасаудаОсы орайда, 28 қазанда Мәскеуде Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитеттің сегізінші отырысында жетекші білім беру мекемелерімен, атап айтқанда, Қоғамдық қаржы академиясымен және Веналық университеттің австриялық және халықаралық құқық Институтымен белсенді ынтымақтастық құру шешімі қабылданған болатын.

Өзара түсіністік туралы Меморандумныңережелері ЕАЭО шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастықтың дамуына қолдау жасауға бағытталатын болады.

Тараптар өзара әрекеттестікті бизнес-қоғамдастықтардың және халықаралық сарапшыларды кірістіре отырып, семинарлар, біліктілікті жоғарылату курстарын өткізу жолымен дамытуға ниеттіСонымен қатар жалпы бірқатар бағыттар бойынша тәжірибе алмасатыны болжанып отыр:

қосарланған салық салу туралы келісімдер;

- трансферттік баға жасау;

жанама салық салуқосылған құн салығы және акциздер;

сондай-ақ өзара қызығушылық танытатын басқа да бағыттар бойынша.

Меморандумның жобасын талқылау Комиссияның халықаралық ұйымдармен және Еуразиялық аймақтың білім беру мекемелерімен салық саласындағы алмасу бойынша жүйелі жұмысын қалыптастырудағы кезекті қадамы болып отыр.

Бұдан басқа, ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің өкілдері қосарланған салық салу мәселесі бойынша Венаның Экономика және бизнес университетіндегі Қоғамдық қаржылар академиясында өткен жұмыс кездесуінде қатысты. Іс-шараға қатысушылар ретінде әлемнің оннан астам елінен келген салық және қаржы ведомстволарының өкілдері қатысты.

Талқылаудың тақырыбы болған, салық салу базасын жасыруға және пайданы салық салудан көлеңкелеуге қарсы әрекет ету мәселелеріне арналған BEPS (BaseErosionandProfitShifting) жоспарысалық саласындағы өзара әкімшілік көмек туралы Конвенцияныңнормаларытрансферттік баға жасауға салықтық бақылау жасаусондай-ақ салық салу мақсаттарына арналған ақпараттармен алмасу жөніндегі халықаралық өзара әрекеттестік.

Анықтама:

ЕЭК Алқасының жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитет –ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 15 наурыздағы №13-Шешімімен құрылған, ЕЭК Алқасының жанындағы консультативтік орган. Консультативтік комитеттің төрағасы ЕЭК Экономика және салық саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр)Тимур Сүлейменов болып табыладыОның құрамына Тараптардың атқарушы билік органдарының өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Консультативтік комитеттің негізгі міндеті ұсыныстарды, соның ішінде мына мәселелер бойынша үздік халықаралық тәжірибенің негізінде ұсыныстар даярлау болып табылады:

1) келісілген бағыттар бойынша ЕАЭО салық саясатын жүргізудегі бірыңғай көзқарастарды қалыптастыру;

2) келісілген бағыттар бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық заңнамаларын үйлестіру;

3) мына салаларда ЕАЭО нормативік-құқықтық базасын жетілдіру:

- ЕАЭО біртұтас кеден аумағындағы өзара сауда-саттық кезінде жанама салық салу;

- ЕАЭО біртұтас кеден аумағында акцизделетін тауарлардың (соның ішінде алкогольдік өнімдер) айналымы;

- тікелей салық салу;

4) трансферттік баға белгілеуге салықтық бақылау жасау мәселелерін қоса санағанда, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру;

5) ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі салық органдарының өзара ақпараттық әрекеттестігін жетілдіру;

6) Салық салудың аспектілерін реттеп отыратын ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасын қолданудың тәжірибелік мәселелерін талқылау, және проблемалық жағдайларды шешу бойынша ұсыныстарды дайындау.