Жүйеге кіру
Михаил Мясникович пен Александр Лукашенко Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелерін талқылады

Михаил Мясникович пен Александр Лукашенко Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелерін талқылады

27.02.2020

Минск қаласына жұмыс сапары шеңберінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 27 ақпанда Беларусь Республикасының Президенті, ЖЕЭК Төрағасы Александр Лукашенкомен кездесті. 

Тараптар Еуразиялық интеграцияны дамыту, Еуразиялық экономикалық одақты нығайту, сондай-ақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою мәселелерін талқылады. 

Александр Лукашенко атап көрсеткендей, Беларусь бүкіл әлемге мәлім классикалық қағидаттардағы шынайы интеграцияны жақтайды.

«Біз биылғы мамыр айында Минскіде 2025 жылға дейінгі интеграция стратегиясына қол қоюды жоспарлап отырмыз. Әрине, біз бұл стратегияның маңызды нұсқасын ешқандай ескертімсіз ұсынуға тиіспіз», –  деп атап өтті Беларусь Президенті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Михаил Мясникович журналистерге: «Еуразиялық экономикалық одақты барлық деңгейде нығайта беруіміз керек. Беларусь төрағалық еткен жылы ғана емес, Президент айтқандай, әрқашан да мемлекеттердің интеграциясын дамытуға нақты үлес қосып келді және алда да үлес қоса беретін болады», –  деді.

ЕЭК Алқасының Төрағасы 27-28 ақпан күндері Минскіде жұмыс сапарында болады.

Оның Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румаспен, Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенкомен, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Республика Кеңесі Төрағасының орынбасары Анатолий Исаченкомен, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Крутоймен, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Петришенкомен кездесулері жоспарланған.