Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

27.03.2013

26 наурыз күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті. Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика, сауда-саттық, техникалық реттеу, экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы мәселелер талқыланды.

ЕЭК Алқасы, атап айтқанда мыналарды бекітті: Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша Бағдарлама, оны ерікті түрде қолданудың нәтижесінде Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 007/2011) техникалық регламентінің сақталуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жасау, және де өнімдердің сәйкестілігіне (расталуына) бағалау жүргізілуіне қажетті ережелер мен әдістері бар соның ішінде аталған техникалық регламентті қолданып, оның талаптарын сақтау, сынамалар алу ережелері бар мемлекетаралық стандарттар. Бағдарламада 2012–2015 жылдар ішінде 30 мемлекетаралық стандарт әзірлеу және 2 мемлекетаралық стандартқа өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Осы бағдарламамен қамтылып отырған барлық стандарттарды Ресей Федерациясы әзірлеп отыр.

Оның үстіне, ЕЭК Алқасының от 2012 жылғы 18 қыркүйегіндегі «Техникалық реттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар бойынша Консультативтік комитет туралы» № 161 Шешіміне бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Ол өзгерістер аталған Консультативтік комитеттің құрамына Кеден одағы елдерінің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлері және (немесе) олардың орынбасарлары қосылу мүмкіндіктерін, сондай-ақ үш елдің басқа да атқарушы органдарының бірқатар өкілдерінің қатыстырылуын да көздейді.