Жүйеге кіру
Нұрлан Алдабергенов Астана экономикалық форумында «Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі монополияға қарсы реттеу» атты баяндама жасады

Нұрлан Алдабергенов Астана экономикалық форумында «Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі монополияға қарсы реттеу» атты баяндама жасады

26.05.2014

21-23 мамыр күні Еуразия экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов басқарған Еуразия экономикалық комиссиясының делегациясы Астана экономикалық форумына (АЭФ) қатысты. Әртүрлі елдерден келген өкілдердің қатысуымен өткен форум, экономика және бизнес мәселелері бойынша сындарлы дискуссиялық тұғырнамаға айналды. VII АЭФ, бәсекелестік мәселелерін талқылау саласында кеңістік және ақпарат тосқауылдарын еңсеретін құрал ретіндегі тәжірибелік мәнділігін дәлелдеді.

АЭФ шеңберінде Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі тарапынан өткізілген «Жаһандану жағдайындағы бәсекелестік» атты халықаралық конференциясы халықаралық қарым-қатынастарды дамытудың, соның ішінде оларды монополияға қарсы органдардың жұмысын жетілдіру мақсатымен дамытудың жалғасы болды. Конференцияға ЕЭК-ның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергенов, Түркияның монополияға қарсы органының вице-президенті Али Ихсан Чаглаян, Польшаның экономика министрінің орынбасары Анджей Дыха, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов, «ТМД елдеріндегі бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» БС атқарушы директоры Герман Захаров, Ресейдің Монополияға қарсы федералды қызмет жетекшісінің орынбасары Андрей Кашеваров, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысты. Конференцияның модераторы Экономикалық қызметтестік және даму ұйымының (ЭҚДҰ) бәсекелестік бойынша комитетінің төрағасы Фредерик Женни болды. 

Іс-шараның шеңберінде, Кеден одағы елдерінің және де бүкіл әлемдік қауымдастықтың бизнес ортасын толғандыратын ғаламдық мәселелер талқыланды. «Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі монополияға қарсы реттеу» атты тұсаукесерімен баяндама жасаған Нұрлан Алдабергенов: «Біз Біртұтас экономикалық кеңістікті құрдық және шекараларымызды өзара сауда жасауға аштық, ол Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өзара сауда жасау көлемінің көрсеткіштерін ұлғайтуға септігін тигізетін болады», – деп атап өтті.

Өз кезегінде, қазақстандық монополияға қарсы ведомствоның басшысы Ғалым Оразбақов, «G-Global» тұғырнамасында бәсекелестік мәселелері бойынша диалог алаңшасын құру жөніндегі бастамасымен баяндама жасады. Іс-шараның соңында, Түркия мен Ресейдің монополияға қарсы органдарының өкілдері, сондай-ақ ЕЭК өкілдері осындай алаңшаны құру ниеті туралы хаттамаға қол қойды.