Жүйеге кіру
ЕЭКтин экономика жана каржы саясаты боюнча Министри Тимур Сулейменов ЕвроАзия кызматташтыгынын Финансы-банк ассоциациясынын Байкоочу кеңешинин төрагасы болуп шайланды

ЕЭКтин экономика жана каржы саясаты боюнча Министри Тимур Сулейменов ЕвроАзия кызматташтыгынын Финансы-банк ассоциациясынын Байкоочу кеңешинин төрагасы болуп шайланды

20.05.2016

18 мамырда Мәскеуде Еуро-Азиялық ынтымақтастық Қаржы-банктік қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) штаб-пәтерінде ЕАЫ ҚБҚ Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов Қауымдастықтың жетекші органы  – Қадағалау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сонымен қатар ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиев Қадағалау кеңесіне мүше болды.

Іс-шараға ЕЭК өкілдері, ЕАЫ ҚБҚ мүшелері қатысты. Отырыста Қауымдастықтың Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі іскерлік ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы рөлі және орны талқыланды.

ЕАЫ ҚБҚ Үйлестіру кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментімен өзара іс-қимыл жасау туралы шешуші шешім қабылдады. Осы ынтымақтастықтың мақсаты бизнестің және биліктің сындарлы диалогы үшін, бірыңғай еуразиялық экономикалық кеңістік, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру және Еуразияда капиталдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету барысында интеграцияның барлық мәселелері бойынша шоғырландырылған ұстанымды әзірлеу үшін ашық алаң құру болып табылады.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов ЕАЫ ҚБҚ Қадағалау кеңесі төрағасы лауазымына өзінің тағайындалғанын былайша түсіндірді: «Жаһандану жағдайында Еуразияның орасан үлкен кеңістігінде түрлі интеграциялық бірлестіктерді қалыптастыру процесі белсенді түрде жүргізіліп келеді, оған қатысушылар өңірлік экономикалық байланыстарды жандандыру есебінен әлемдік нарықтарда өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын арттыра түсуге ұмтылуда. Осы жағдайда өзара тиімді банкаралық кооперацияны дамыту ерекше маңызға ие болады. Оны табысты дамыту үшін бүгінде жаңа идеялар, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің қаржы-банктік бизнес өкілдерінің ерікті жігерін және зияткерлік мүмкіндіктерін біріктіретін ЕАЫ ҚБҚ әзірленуі мен іске асырылуын өз мойнына алатын жоспарлар мен жобалар керек».

Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен отырысқа қатысушылар отырыста қабылданған шешімдердің Еуразия кеңістігінде қаржы-банктік сектор құрылымдары мен бизнес іс-қимылының одан әрі дамуына қызмет етеді деген үміттерін айтты.

Қауымдастық ЕАЭО мен ШЫҰ елдерінің қаржы саласындағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі көпір болып табылады. Ұйым Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Анықтама

Қауымдастық 2013 жылғы 13 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастығына қатысушы елдердің Қаржы-банктік қауымдастығы ретінде тіркелді. 2016 жылғы 26 ақпанда ұйым Еуро-Азиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) болып атауын өзгертті.

ЕАЫ ҚБҚ құрылтайшылары Қазақстан Республикасы банктерінің қауымдастығы, Ресей өңірлік банктерінің қауымдастығы, Тәжікстан банктерінің қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, ШЫҰ Іскерлер клубы, ККХК Қаржы корпорациясы, ТМД Қаржы-банктік кеңесі болып табылады.

40-тан астам құрылым, соның ішінде,  ТМД, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Орталық және Шығыс Еуропаның қаржы-банктік қауымдастықтары, Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Словенияның, Румынияның, БАӘ банктері мен коммерциялық құрылымдары ЕАЫ ҚБҚ мүшелері және әріптестері болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – банкаралық коммуникацияларды ретке келтіру, бизнес жобаларын іріктеу және іске асыру, инвестициялық жобалардың Еуразиялық банкін құру барысында банкаралық ынтымақтастықты жолға қою арқылы ұлттық қаржы нарықтарына қатысушылардың – ШЫҰ, БРИКС, ЕАЭО, ЕК елдеріндегі Қауымдастық мүшелерінің тиімді қызметі үшін қолайлы жағдай жасау.

Қауымдастықтың ҚХР-да, Сингапурда және БАӘ-де, Болгарияда, Оңтүстік Шығыс Еуропада, Беларусияда, Қазақстанда, Ресей өңірлерінде өкілдіктері бар.

ЕАЫ ҚБҚ мүдделерінің саласы шағын және орта бизнес, коммерциялық банктер, жеке капитал, мемлекеттік-жекеше әріптестік болып табылады.

ЕАФ ҚБҚ Үйлестіру кеңесінің төрағасы  -Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) вице-президенті Александр Мурычев.

ЕЭК Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары Вадим Ковалев ЕАЫ ҚБҚ Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.