Жүйеге кіру
Қазақстан ЕАЭО елдері азаматтарының білім туралы құжаттарын шектеусіз танитын болады

Қазақстан ЕАЭО елдері азаматтарының білім туралы құжаттарын шектеусіз танитын болады

27.07.2016

Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)  елдері азаматтарының білім туралы құжаттарын танумен байланысты қиындықтар жойылды.

Жұмысқа орналастыратын мемлекеттің заңнамасымен белгіленген рәсімдер өткізілмей, ЕАЭО мемлекеттері берген білім туралы құжаттарды тану ЕАЭО туралы шартта (97-баптың 3-тармағы) көзделген және бұл Одақта еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын құрудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссия атына Қазақстан Республикасында мүше мемлекеттер еңбекшілерінің білім туралы құжаттарын танудан тікелей бас тартқан жағдайларға шағымданған заңды тұлғалардың өтініштері түскен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің айқындамасына сәйкес ЕАЭО туралы шарттың 97-бабы 3-тармағының күші мүше мемлекеттердің білім ұйымдары 2015 жылғы 1 қаңтардан, яғни ЕАЭО туралы шарттың күшіне енген күнінен бастап берілген білім туралы құжаттарға қолданылады, бұл ЕАЭО туралы шарттың нормасына қайшы келеді.

Комиссия мәселені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп пысықтады. Жағдай ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі консультациялық комитеттің отырыстарында талқыланды.

27 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияны қазіргі уақытта мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты жұмысқа орналастыру мақсаттары үшін білім туралы құжаттарды тану бөлігінде ЕАЭО туралы шарттың нормаларын қолдану қандай да бір уақытша шектеусіз толық көлемде жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.