Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Қытай кеден қызметі өкілдерінің кездесуі болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Қытай кеден қызметі өкілдерінің кездесуі болып өтті

27.08.2013

26 тамыз күні Қытай Халық Республикасының Бас кедендік басқармасының (КХР БКБ) сарапшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдерінің үшінші жұмыс кездесуі болып өтті.


Қытай делегациясын ҚХР БКБ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің комиссары Чжан Цзяань бастаған болатын. Комиссия тарапынан жұмыс кездесуіне Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скиба бастаған ЕЭК кедендік және сауда бөлімдерінің өкілдері қатысты.


Кездесу барысында қатысушылар ҚХР мен ЕЭК арасында ақпараттық алмасу, соның ішінде Кеден одағы мен Қытай Халық Республикасының кедендік шекараларынан өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымал көлік құралдары туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру бойынша келісім (әрі қарай - Келісім) жасау перспективасын талқылады. Кездесуде Келісім жобасын келісу барысы және осы саладағы ынтымақтастықты дамытудың басқа да аспектілері талқыланып, барлық талқыланған тақырыптар бойынша Комиссия мен ҚХР БКБ ұстанымдары жақындай түскеніне назар аударылды.


Кездесу нәтижелері бойынша Чжан Цзяань мен Владимир Скиба жасалған келісімдер белгіленген және ҚХР мен Кеден одағына мүше мемлекеттері арасында сауданы жеңілдету және дамытуына ықпал ету үшін ақпараттық бірлесе әрекет ету мен Келісім жасау саласында практикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен болатын хаттамаға қол қойды.