Жүйеге кіру
ЕЭК инновацияларды ЕАЭО экономикасының нақты секторына ендіруді ынталандырады

ЕЭК инновацияларды ЕАЭО экономикасының нақты секторына ендіруді ынталандырады

27.09.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин Бішкекте (Қырғызстан) «Еуразиялық апта» халықаралық форумы шеңберінде өткен «ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіптегі және агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен бағдарламалар мен жобалар – Еуразиялық интеграцияны дамытудың замани тренді» панельдік сессиясында: «Жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін құзыреттердің шоғырлануы дәл осы нақты секторда өтіп жатыр. Зерттеулерді қарқынды ету үшін мемлекетаралық бағдарламалар механизмі іске де қосылды. Өндірістік кооперацияны бұдан әрі дамыту мен тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді оқшаулау активтерді шоғырландыру мен Еуразиялық трансұлттық компаниялар құру шеңберінде мүмкін болады»,- деп мәлімдеді.

ЕЭК пен бизнес-қоғамдастық өкілдері іске асырылып жатқан жобалар мысалында осы құралдарды Қырғыз Республикасының бейінді министрліктерінде қолдануды талқылады.

Мысалы, «Энергетика және электрлендіру» Еуразиялық технологиялық платформасы жаңа «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде энергетика объектілерінің жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру» мемлекетаралық бағдарламасын дайындау жөнінде бастама ұсынды, оның арқасында зиятты энергетикаға ауысу есебінен электржелісі шаруашылығының тиімділігі айтарлықтай артады.
Басқа перспективалы жоба – Еуразиялық ауыл шаруашылығы технологиялық платформасы әзірлеген мемлекетаралық бағдарлама. Бағдарлама ақпараттық және ғарыштық технологиялардың микроэлектроникасын, роботталған жүйелерді, етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығын замани технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып ұйымдастырудың жаңа жүйесін ендіруге мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдері ынтымақтастығының шеңберінде импортты алмастыруға бағытталған жобаларды дамытуға айрықша маңыз беріледі. Атап айтқанда, бұл түрлендірілген крахмалдар өндірісіне қатысты. Одақ елдері меншікті шикізат базасы бар бола отырып, өзінің бұл өнімге деген сұранысының 70%-дан астамын импорт есебінен жабады. Беларусь, Қазақстан және Ресей ғалымдары бірлескен күш-жігермен сапалы әрі қауіпсіз шикізат өндірісінің технологияларын әзірлеуге уағдаласып та отыр.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ойдағыдай ынтымақтастығының бір мысалы Жерді дистанциялық зондтау саласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ғарыштық ведомстволарының мақұлдауын алған мемлекетаралық бағдарламасы болып табылады. Өндірісінде аса жаңа цифрлық технологиялар пайдаланылатың болашақтың жерсерігінің жасалуы бағдарлама жобасында көзделген.

Александр Субботин ЕАЭО елдері экономикасын цифрландырудың маңызын: «Жалпы нарықтар құрылатын және біздің елдеріміздің бірлескен құзыреті іске асырылатын салалардағы цифрлау бірінші кезекте маңызды. Өнеркәсіптік кооперациямен, субконтрактациямен және технологиялар трансферімен жиынтықтағанда өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы Одақ елдерінің кәсіпорындарына тиімді әріптестерді ынтымақтастыққа тартуға, сондай-ақ өндіріске озық технологияларды ендіруге мүмкіндік береді»,- айрықша атап көрсетті.