Жүйеге кіру
«Еуразиялық аптада» ЕАЭО мен Иран кәсіпкерлері бірлестіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Еуразиялық аптада» ЕАЭО мен Иран кәсіпкерлері бірлестіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1.jpg
27.09.2019
IV «Еуразиялық апта - 2019» халықаралық көрме форумы алаңында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Іскерлік кеңесі мен Иранның сауда, өнеркәсіп, тау-кен ісі және ауыл шаруашылығы палатасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға Иран Ислам Республикасымен іскерлік әріптестікті дамытудың жалғасуы болды, бұрын соның шеңберінде үстіміздегі жылы ЕАЭО мен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге қол қойылған болатын.

Иран тарапынан меорандумға Иран Ислам Республикасының Сауда, өнеркәсіп, кеніштер және ауыл шаруашылығы палатасы төрағасы Голам-Хоссейн Шафеи, ЕАЭО Іскерлік кеңесі тарапынан - Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Данил Ибраев қол қойды.

Голам-Хоссейн Шафеи Иран бизнесінің ЕАЭО елдерімен іскерлік әріптестігін дамытуға қатысты бастан кешіріп отырған құлшынысын білдіру үшін Бішкекке дейін ұзақ жол жүріп келгенін атап өтті. Бұл байланыстар Ислам Республикасы үшін таяу песпективаға арналған стратегиялық сауда басымдықтарының бірі болады.

«Иранның әсіресе Еуразиялық өңірмен көршілес провинцияларындағы шағын бизнесі өзінің осы бағыттағы экономикалық қатынастарын, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен преференциялы сауда туралы келісімнің оң салдары тұрғысында кеңейтуге әзір. Бұл уақытша келісім, менің ойымша, экономикалық өркендеуге алып келетін жолдың басы болып табылады»,- деп атап көрсетті Шафеи.

Ол ЕАЭО-ға қатысушы елдер басшылығын Иран мен Одақ елдері бизнесімен арадағы экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы қазіргі бар кедергілерді барынша жоюға шақырды. Иран Сауда палатасы басшысының пікірінше, мұндай қадам барлық тарап үшін пайдалы қуатты синергетикалық нәтижеге жеткізе алады.

Өз кезегінде Данил Ибраев ирандық әріптестермен әріптестікті ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Еуразиялық экономикалық комиссия басшылығына алғысын білдірді.
«Қырғызстандағы алаңда өткен келіссөздерден кейін біздің «жол картасын» жасай алатынымызға, таяу жылдардың өзінде біздің нарықтарымызды бір біріне жақындата түсетін алдағы қозғалыстың векторларын айқындайтынымызға сенімдімін»,- деп үміт білдірді Данил Ибраев.

Ол жақындасудың басымдықты бағыттарының арасынан сауданы,
инвестицияны, туризмді, қаржы саласындағы өзара іс-қимылды атады. Олардың әрқайсысында Иран бизнесімен, біріккен Сауда палатасымен жұмыс «дамудың баға жеткісіз ресурсы» болып табылатынына Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті сенімді.
Анықтама

«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында өтуде. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаң ұйымдастыруды бағамдайды. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.