Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Карине Минасян: «Цифрлық бақылану өзара тәртіп пен сенімді арттырады – ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауылсыз ортаның негіздері»

ЕЭК министрі Карине Минасян: «Цифрлық бақылану өзара тәртіп пен сенімді арттырады – ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауылсыз ортаның негіздері»

2.jpg
27.09.2019
Өзара саудадағы тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруы – дақпырт немесе шындық. Осы тақырып 26 қыркүйекте «Еуразиялық апта - 2019» форумы шеңберіндегі «ЕАЭО-ның ішкі нарығы: дақпырт пен шындық» сессиясында өрістеген пікірсайыс барысында талқыланды.

Спикерлер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян, ЕЭК Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің директоры Илья Чёрный, Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары Варос Симонян, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Олег Панкратов, Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Кубатбек Рахимов және басқалар болды.
Қатысушылар ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы қазіргі бар кедергілерді талдады, ЕЭК-тің оларды жою жөніндегі ағымдағы мүмкіндіктерін бағалады.

ЕЭК министрі Карине Минасян оң үрдіс бар екенін - кедергілердің тұрақты қысқарып келе жатқандығын атап өтті. Ішкі нарықтағы анықталып жатқан тосқауылдардың көпшілігі ұзақ уақыттан бері бар нәрселер және Комиссия оларды біртіндеп алып тастап келеді. Министрдің пікірінше, тосқауылдардың себебі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде келісілген саясат жоқ екендігі болып табылады.
Сонымен бірге, пікірсайыс барысында қатысушылар ЕАЭО-дағы саясатты одан әрі үндестіру – ұзақ мерзімдік перспективаға арналған міндет, ал қазіргі бар тосқауылдар кідіріссіз жоюды талап етеді деген пікірге келді.

Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасы (РФ СӨП) президентінің кеңесшісі Георгий Петровтің пікірінше, «ЕАЭО елдерінің өзара саудасы интеграцияның басты элементі болып табылады». Кедергілердің бар болуы интеграцияға, саудаға, көлік-логистика әлеуетіне, мүше мемлекеттердің кооперациясына зиянын тигізеді.

Бизнес үшін Комиссияның өкілеттіктерін кеңейту, оған Одақтың ішкі нарығындағы проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау мүмкіндігін беру өмірлік маңызды. Бұл жағдайда Комиссия бірыңғай экономикалық кеңістікті құру үшін неғұрлым тиімді құрал болады.
ЕАЭО қатысушыларының бір біріне деген сенімін арттыру және мемлекеттік бақылау шеңберіндегі шоғырландырылған шешімге сүйену Одақтың бірыңғай нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамытудың маңызды факторлары болып танылған. Пікірсайысқа қатысушылардың пікірінше, нақ осылар ЕАЭО елдерінің экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуына көмектесуге қабілетті.
Сессияға қатысушылар ЕАЭО елдері мен бизнес арасындағы сенім қатынастарының төмен деңгейі төрт «еркіндік» қағидатын іске асрудың сын-қатері болып табылатынын атап өтті. Өзара сенім ішкі нарықтың тиімді жұмыс істеуінің талабы ретінде елдердің өзара тәртібіне, шаруашылық жүргізуші субъектілердің Одақ құқығымен және ұлттық заңнамамен көзделген қағидалар мен міндеттемелерді, субъектілердің өзара іс-қимылының ашықтығын сақтауына байланысты.
Қатысушылар тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз етудегі цифрландыру рөлінің маңыздылығы туралы пікір сайыстырды. Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамытудың перспективалы механизмдерінің бірі болып цифрлық трансформация шеңберінде ортақ жобаларды іске асыру аталды. Атап айтқанда, бұл электрондық қолтаңбаларды және сертификаттардың шығу тегін өзара тануға, экономикалық ынтымақтастыққа қатысушылардың цифрлық ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты.
«Бізге процесті қадағалау органдары үшін бизнес ашық болатын тұрғыда өзгерту қажет, ал олар оның жұмысына салмақ түсірмеуге тиіс. Егер біз өнімді өндірушіден бастап тұтынушыға дейін бақылап отыратын болсақ, онда қосымша анықтамалар, сертификаттар және өзге дәлелдемелер қажет болмай қалады. Сол себепті Одақ ішіндегі кедергілерді алып тастаудың негізгі жолы – бұл цифрлық трансформация, бірінші кезекте мемлекеттік қадағалаудың цифрлық трансформациясы»,- деген сенімде Карине Минасян.

Сессия барысында бизнес өкілдері кедергілерді алып тастау үшін өнеркәсіптік кооперацияның да маңыздылығы мәселесін бірнеше мәрте көтерді.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) атқарушы вице-президенті Александр Мурычев: «Біздің елдеріміздің проблемаларының бірі - экономикалар моделінің шикізат пен шикізат тауарларының экспортына құрылғандығы. Осыған байланысты мемлекеттер Одақ ішіндегі саудаға мүдделі емес»,- деп атап көрсетті.
Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Кубатбек Рахимов: «Біз ЕАЭО-ны экономикаларымызды қайта индустрияландыру, өнеркәсіп өнімдерінің үшінші елдерге экспортын өсіру мақсатында құрдық»,- деп атап өтті.
Сессияға қатысушылар Одақтың міндетіне қосу үшін ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу бойынша мүше мемлекеттерді қайта индустрияландыру және өнеркәсіптік экспортты дамыту сияқты ұсыныстар берді. «Біз бірлесіп реттеуге ғана емес, сонымен бірге бірлесіп жасауға да тиіспіз»,- деп іске шақырды Карине Минасян.

Анықтама

«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында өтуде. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңды қамтиды. Форумға 2000-нан астам адам қатысуда.

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.