Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО-ны дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО-ны дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

4.jpg
27.09.2019
27 қыркүйекте Бішкекте (Қырғыз Республикасы) жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Президент Сооронбай Жээнбеков Тигран Саркисянды Бішкекте «Еуразиялық апта» халықаралық форумының ойдағыдай өткізілуімен құттықтады. Ол Еуразиялық кеңістікте бизнесті дамыту жөнінде белгіленген жоспарларды практикалық іске асыруға форум айтарлықтай үлес қосады деп сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Одақ елдерінің ынтымақтастығын одан әрі дамыту және ЕАЭО шеңберінде интеграцияны тереңдету қажеттігін, ішкі саудадағы кедергілерді жоюды атап өтті. Сооронбай Жээнбеков Одақтың бес жыл жұмыс істеген кезеңде қалыптасып болғанын және тиімділігін танытқанын атап көрсетті.

ЕЭК Алқасының Төрағасы бүгінгі таңда Одақ мемлекеттерінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, консенсус іздеу және табу жүйесі толық жолға қойылғанын, туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшін жедел шаралар қабылданатынын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ 30 қыркүйекте және 1 қазанда Ереванда (Армения) болатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының және «Еуразия континетінің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумының күн тәртібін талқылады.