Жүйеге кіру
Бішкекте «Еуразиялық апта» шеңберінде «5+1» форматындағы бірлескен кеңесте трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

Бішкекте «Еуразиялық апта» шеңберінде «5+1» форматындағы бірлескен кеңесте трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

27.09.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының басшылары бірлескен кеңесте трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті қорғау жөнінде жаңа шаралар енгізуді, роумингті жою мүмкіндігін, дәрілік заттар нарығындағы, мемлекеттік сатып алудағы бәсекелестік мәселелерін, ЕЭК өкілеттігін кеңейтуді талқылады.

«Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы шеңберінде «5+1» форматындағы кеңес бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Таңдалған формат монополияға қарсы реттеудің қазіргі бар құралдарының тиімділігін жоғары деңгейде талқылауға, оны жақсарту жөнінде алдағы шаралар кешенін және бәсекелестікті қорғау жөніндегі жұмыстың бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Кездесу шеңберінде ЕЭК өкілеттіктерін кеңейту және Одақ құқығын жетілдіру қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жетті. Атап айтқанда, бұлар ЕАЭО туралы шарт ережелерінің үшінші елдердің субъектілеріне қатысты қолданылу саласына, бәсекелестіктің жай-күйіне ықпалын тигізетін мәмілелерді бақылауға, кәсіпорынның бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу арқылы алған табысын алып қоюға және басқаларға қатысты.

«Үшінші елдер нарығы субъектілеріне қатысты бәсекелестік қағидаларын қолдану мәселесі өте маңызды, өйткені ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын ол елдердің компанияларының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері кейде мүше мемлекеттердің тауар нарықтарында ғана емес, тұтастай алғанда трансшекаралық нарықта теріс салдарға әкеп соғады»,- деп атап өтті ЕЭК министрі.

Қатысушылар сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында роумингті жою мүмкіндігі жөнінде ЕЭК жұмысының перспективасын белгіледі.

Бүгінгі таңда трафикті өткізу жөнінде қызметтер көрсетуге баға белгілеудің бірыңғай тәсілдемесін тұжырымдау мақсатында мүше мемлекеттердің, Одақ елдері уәкілетті органдары мен ұялы байланыс операторларының қатысуымен бірқатар жұмыс кеңесі өткізілуде.

Комиссия мен ЕАЭО-ның монополияға қарсы органдарының бірлесіп талқылауы талап етілетін бірқатар міндетті Федералдық монополияға қарсы қызмет (Ресей ФМҚ) басшының орынбасары Анатолий Голомолзин айтты. Ол ЕАЭО-да тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын қолдану және мәжбүрлеп лицензиялау туралы баяндама жасап, Ресей Федерациясының биржалық сауданы дамыту туралы тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу агенттігінің директоры Шухрат Сабиров Қырғыз Республикасының дәрілік заттар нарығындағы бәсекелестік ортаны зерттеу нәтижелері туралы айтып берді.

Монополияға қарсы органдар басшылары ЕЭК министрі Серік Жұманғариннің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бәсекелестік саласында Одақ құқығы шолуын (Peer review) жүргізуі бастамасын қолдады.

Кеңесте халықаралық ұйым жүргізетін сарапшылық шолулар туралы ЭЫДҰ-ның Қаржылық мәселелер және кәсіпкерлік мәселелері директоратының бәсекелестік бөлімінің бәсекелестік жөніндегі бас сарапшысы Сабина Зижельски айтып берді.

Қорытындысында тараптар халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, Комиссия мен мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының ынтымақтастығын қарқынды ету жөнінде алдағы бірлескен іс-қимыл туралы уағдаласты.