Жүйеге кіру
«Еуразиялық апта» форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі гуманитарлық ынтымақтастықтың экономикалық аспектілерін кеңейту перспективаларын талқылады

«Еуразиялық апта» форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі гуманитарлық ынтымақтастықтың экономикалық аспектілерін кеңейту перспективаларын талқылады

7.jpg
27.09.2019
Еуразиялық интеграцияның білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы жаңа стратегиялық бағыттарын дамыту перспективалары IV «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы шеңберінде 26 қыркүйекте Бішкекте өткен «ЕАЭО-ның жаңа қырлары: азаматтар мүддесіндегі даму стратегиясы» панельдік сессиясының түбегейлі тақырыптары болды.

Сессия модераторы – Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының бағыттары өткен жылдың соңында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту декларациясында айқындалғанын атап өтті. Құжатта Одақ елдері азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру мақсатында халықтың білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы замани жетістіктерге қол жеткізуі белгіленіп көрсетілген, бұл әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы интеграциялық өзара іс-қимылды дамытуда мүше мемлекеттер азаматтарының шынайы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін әсіресе өзекті.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрінің көмекшісі Федор Черницынның сөзінше, Еуразиялық интеграцияның гуманитарлық аспектісінің маңызы экономикалық аспектіден кем емес: «Біздің Одағымыздың болашағын қалыптастыру кезіндегі басты міндет – онда адамның орны қай жерде болады деп ойлау. Біз тауарлардың, жұмыс күшінің, капиталдың және қызметтер көрсетудің еркін қозғалысына жетуді ортақ орын жасадық, бірақ бәрі бірдей осы санаттарға тіреліп тұрған жоқ. Гуманитарлық құраушы болмаса, алға қарай жүру қиын болады. Себебі бірінші кезекте біз адам үшін кеңістік жасап жатырмыз».

«ФОК» компаниясы басқарушы әріптесі Моисей Фурщиктің «ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестердің перспективалық дамуы» тақырыбына арналған таныстырылымында білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы интеграцияны дамыту ұсыныстары мен перспективалары ұсынылды.

Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Эльдар Алишеров өз сөзінде интеграцияның бүкіл дамуы Одақ елдеріндегі интеграциядан барынша нәтиже алуға тиіс қоғамға бағытталуы қажет екендігін атап көрсетті.

Бұдан басқа, спикерлер көптеген экономикалық проблеманың шешімі дұрысын айтқанда экономика өрісінен тыс жатқанын атап өтті.

«Мысалы, әртүрлі елдердің жұмыскерлерінің біліктілігін тану туралы айтқанда, біз білім саласына қарамай тұра алмаймыз. Өнімнің қауіпсіздігімен байланысты проблемалардың шешімі экологиялық стандарттар өрісінде орналасқан. Сайып келгенде, Одақтың экономикасын күшейту үшін онда тұратын халықтардың тілектестігі қажет. Шешім қабылдау кезінде ұлттық мүдделерді ғана басшылыққа алуға болмайды. Біз бір немесе бірнеше рет жергілікті ұтысқа шығуымыз мүмкін, бірақ әріптестер тарапынан сенімнің жоғалуы болмай тұрмайды. Мұның орнына біз бірлесіп әрекет етіп, бәріміз үшін неғұрлым бағалы нәтижеге қол жеткізе аламыз»,- деді Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Елена Перминова.

Спикерлер ЕАЭО-дағы бірлескен жұмыстың неғұрлым көзге көрінерлік саласы деп туризмды атады. Тарихи байланыстарға және ортақ тіл кеңістігіне қарамастан, бұл жерде де проблемалар байқалуда.

«Еуразиялық одақтың адамдарын жақындату қажет, сондай-ақ үшінші елдердің туристерін тартқан жөн. Кез келген турист қандай да бір сапарға шығу туралы шешім қабылдағанда үш критерийді негізге алады. Біріншісі – қауіпсіздік. Бұл дене аспектісіне, мысалы, денсаулыққа ғана қатысты емес. Осы орайда біз бірінші кезекте өз азаматтарымызға жағдай жасауымыз керек, сонда біз тиісінше шетелдіктерді де қабылдай аламыз. Екіншісі - туристің бұл елге қаншалықты тез әрі қандай талаптармен кіретіндігі. Визалық режим және соған байланысты барлық нәрсе. Үшіншісі – логистика. Яғни адамның сол немесе өзге мемлекет аумағына қалай баратыны, қалай жүріп-тұратыны»,- деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің Туризм департаментінің директоры Дамир Максат.

«Егер біз елдер арасындағы интеграцияны күшейткіміз келсе, онда интеграция бизнес үшін ғана емес, қарапайым адам үшін де болуға тиіс, - деп атап көрсетті Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эркин Чечейбаев. – Одақ туралы шартта жария етілген тең құқықтық қағидатқа қарамастан, қазір мүше мемлекеттердің азаматтары медициналық көмек алуда тең құқықты мүмкіндікке ие болып отырған жоқ».

К. Карасаев атындағы БГУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Гульнара Мурзахмедова ЕАЭО шеңберіндегі ғылым мен білім берудің дамуы туралы өз ойларын былай білдірді: «Бірыңғай мемлекеттік білім беру стандарттары мен бағдарламаларын қалыптастыратын, тиісті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді әзірлейтін уақыт келді, бұл халықтың өмір деңгейін арттыру үшін мүше мемлекеттердің экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді».

Бірқатар сарапшылардың – «Номура зерттеу институты» Мәскеу филиалының басшысы Акира Ивата мен РФ СЭБ мемлекеттік даму корпорациясының бас стратегі Алексей Кечконың пікірлері бойынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығында гуманитарлық сектордың тұтастай алғанда қазіргі артта қалуы таяу жылдардың өзінде-ақ еңсерілуі мүмкін.

«Өмірде бәрі де қағазға жазылғандағыдай бола бермейді. Біздің қызметтер көрсету секторы тауарлар сатудың тиісті көрсеткіштерінен төрт есе кем түседі. Бұл қызметтер көрсету нарығының өзі тұтастай алғанда ұлттық экономикалардың 50%-нан асып түсетін кезде болып отыр. Бұл жерде пысықтайтын нәрселер бар. Сұраныс та, ұсыныс та, қарапайым адамдардың мүдделері де бар», - деп санайды Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) вице-президенті, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция басқармасының басқарушы директоры Сергей Красильников.

Анықтама

Бүгінгі таңда Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат дайындауда. Онда 2018 жылғы 6 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту декларациясын іске асыру жөнінде нақты механизмдер мен іс-шаралар қамтылған.