Жүйеге кіру
ЕЭК пен Сингапур еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу перспективаларын зерделеуде

ЕЭК пен Сингапур еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу перспективаларын зерделеуде

27.10.2016

«Еуразиялық апта» көрме форумын өткізу шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мен Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кун Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасудың орындылығы жөніндегі бірлескен зерттеу тобы жұмысының басталуы туралы мәлімдеме жасады.

Бірлескен жұмыс барысында сарапшыларға қос тараптың сыртқы саудадағы реттеу ерекшеліктерін, өзара нарықтарда ЕАЭО мен Сингапур өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруға арналған шарттарды талдау, еркін сауда туралы келісім жасасудан ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикасына болатын әсерлерді модельдеуді жүргізу керек. Бұл жұмыс қорытындылары бойынша тараптар Сингапур мен Одақ елдерінің сауда-экономикалық қатынастарын жаңа деңгейге шығару жөнінде ұсыныстар дайындауды, еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығын бағалауды жоспарлап отыр.

«Бұл жұмысты жүргізу кезінде біз Сингапур, мәні бойынша, бажсыз сауда елі болып табылатындығы және еркін сауда туралы ықтимал келісім шеңберінде баждарды нөлдендіруді ЕАЭО елдері іс жүзінде біржақты тәртіппен жүргізетіндігі фактісін ескеріп отырамыз, - деп құжатқа қол қою қорытындылары бойынша баса айтты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина. – Сондықтан бірлескен зерттеу тобы тауарлар саудасы саласында ғана емес, басқа да перспективалы салаларда, атап айтқанда, инвестициялық ынтымақтастық пен қызметтер көрсету саудасы салаларында  кооперациялау бойынша мүмкіндіктерді зерделейтін болады. Бұл қос тарап үшін еркін сауда туралы келісім бойынша пайдалар «тепе-теңдігіне» қол жеткізу жөнінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді».

 Вероника Никишина бірлескен жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕАЭО елдері мен Сингапурдың уәкілетті органдары өкілдері арасында байланыстардың өсуіне алып келеді, мұның өзі тараптар арасындағы өзара қатынастарды дамытуға оң ықпал етеді. Ал келісім мен оны кейіннен жасасу форматы туралы өзара түсіністікке қол жеткізілген жағдайда өзара қатынастар сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығады деп те атап өтті.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Сингапур, ДСҰ деректері бойынша, әлемде тауарларды экспорттау жөнінде 14 және импорттау жөнінде 15-орын алады деп толықтырды. 2015 жылы Сингапурдың тауарларды экспорттау көлемі 476,3 млрд долл., импорт  көлемі – 407,8 млрд долл. құрады.

«Импорт пен экспорт бойынша деректерді ескере отырып, Сингапур Республикасы сауда-экономикалық әріптес ретінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін ерекше қызығушылық туғызады. ЕАЭО компаниялары үшін Сингапур нарығына шығу тұтастай бүкіл Азия-Тынықмұхиты өңірінде бизнесті дамыту бойынша үлкен артықшылықтар алуға дәмелендіреді», - деп қорытындылады Вероника Никишина.