Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Сауда келісімдері Одақ елдерінің өзара пайдалы технологиялық және инвестициялық дамуын елеулі түрде ынталандыруға қабілетті»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Сауда келісімдері Одақ елдерінің өзара пайдалы технологиялық және инвестициялық дамуын елеулі түрде ынталандыруға қабілетті»

27.10.2016

«Еуразиялық апта» көрме форумы шеңберінде  «Сколково» инновациялық орталығында «ЕАЭО – жоғары технологиялар нарығындағы ойыншы: интеграциялық бірлестіктің әлеуетті және нақты мүмкіндіктері» тақырыбына арналған пікірталас сессиясы болып өтті.

Іс-шарада Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина, Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кун, Корея Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пак Ро Бёк, Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметтің басшысы Григорий Ивлиев, Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Дмитрий Панкин сөз сөйледі.

Пікірталас сессиясына қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде ЕЭК сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина ЕАЭО-да инновациялық экономиканы дамыту үшін үлкен әлеует бар екендігін атап өтті. «Біз нақ инновациялар біздің Одақтың экономикасын дамыту драйвері болып, экономикалық өсуге елеулі қосылған құн береді деп есептейміз», - деді ЕЭК министрі.

Вероника Никишинаның айтуынша, Одақ елдері қазіргі заманғы өндірістерді дамыту, соның ішінде нанотехнологияларды дамыту бойынша ұлттық бағдарламалық құжаттарды қабылдау жолымен дамыту жөнінде дәйекті жұмыс жүргізуде. Тараптар бұл бағытты басқа салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ете алатын экономика секторы ретінде қарастырады.

«ЕАЭО елдері экономикасының басым салалары қатарына жататын металлургия осының жарқын мысалы болып табылады. Одақ елдері бәсекеге қабілетті өндірістер құруды, ресурстар мен энергияға қажеттілікті азайту мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғыртуды мақсат етеді. Шикізатты өндіру және кешенді қайта өңдеу технологиялары бойынша инновацияларды дамытуға, жаңа өнім түрлерін әзірлеуге және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін инновациялық процестерге белсенді түрде тартуға көп мән берілуде» - деп пікірталас барысында баса айтты ЕЭК министрі.

 Сонымен қатар ЕЭК министрі инновациялық экономикаға көшу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саудасын дамытуға ықпал етеді, бұл Одақтың сауда саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, - деп атап айтты.

«Сауда саясатын іске асырудың анағұрлым тиімді құралы, біздің ойымызша, сауда келісімдерін жасасу болып табылады. 2016 жылғы қазанда одақтың осындай бірінші келісімі – Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім күшіне енді. Бұдан өзге, Қытай Халық Республикасымен, Израиль мемлекетімен және Сербия Республикасымен сауда келісімдері бойынша келіссөздер басталды. Мысыр Араб Республикасымен, Үндістан Республикасымен, Иран Ислам Республикасымен, Корея Республикасымен, Сингапур Республикасымен келіссөздер бастауға қағидаттық мүмкіндік бар. Бұл ретте әзірге преференциялық келісімдер жүйесімен қамтыла қоймаған ЕАЭО нарығына бірінші келуге мүдделі басқа да әріптестер ЕАЭО-мен осыған ұқсас келісімдер жасасуға  қызығушылық танытуда», - деп толықтыра түсті Вероника Никишина.

ЕЭК министрі қажетті шарттар жазылған нақ осындай келісімдер шетелдік әріптестермен өзара тиімді технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықты елеулі түрде ынталандыруға қабілетті, деп ерекше атап өтті.

Сөз сөйлеу мен пікірталас барысында қатысушылар ЕАЭО-да инновациялық салаларды дамыту үшін инвестициялық әлеуетті бағалады, бизнесті тартып, технологиялар импортын ынтыландыра алатын құрылымдық өзгерістерді талқылады, сондай-ақ технологиялық салада өзара тиімді ынтымақтастықты арттыра түсу бойынша сыртқы экономикалық әріптестерді белгілеп алды.