Жүйеге кіру
«ЕАЭО – ҚХР «Бір белдеу, бір жол» бейнефорумында сарапшылар ЕАЭО мен ҚХР арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

«ЕАЭО – ҚХР «Бір белдеу, бір жол» бейнефорумында сарапшылар ЕАЭО мен ҚХР арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

27.10.2020
«Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру» бейнефорумы шеңберінде «ЕАЭО мен ҚХР арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары» сарапшылық сессиясының қатысушылары 26 қазанда өзара есептесулерде ұлттық валюталарды пайдалануды қарқынды ету перспективаларын, цифрлық валюталарды әзірлеуді және жаңа типтегі төлем жүйелерін қалыптастыруды, ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру» шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасының қаржылық орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жолдарын талқылады.

Сессияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ҚХР арасындағы валюта-қаржы ынтымақтастығының ағымдағы деңгейі әлеуеттіліктен алыс, бірақ тараптар үшінші елдердің валюталарын пайдалануды қысқарту мақсатында белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті. Бұл ретте ынтымақтастық үшін төлем-қаржы инфрақұрылымы көп жағдайда құрылды, сауда-экономикалық қатынастарына қатысушылар үшін оны пайдаланудың және ұлттық валюталарда есептесуге көшудің ынталандыру жүйесін әзірлеу талап етіледі. «Ұлттық валюталарда есептесуге көшу үшін жалғыз ниет-тілек аздық етеді, артықшылықтар жасалуы қажет», –  деп атап өтті Сергей Глазьев. Атап айтқанда, ЕЭК министрі ЕАЭО елдері ұлттық валюталарының бағамдарын тұрақтандыру механизмін әзірлеуді ұсынды және ЕАЭО-БББЖ ұштасуы шеңберіндегі келесі қадам – биржалық тауарларға ұлттық валюталарда баға белгілеу механизмдерін жасау.

Ұлттық валюталарды пайдаланудың тартымдылығын арттыру шаралары ретінде Сергей Глазьев ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталарындағы банк комиссиялары мен кредиттер бойынша ставкаларды азайтуды, ұлттық валюталарда есептесу жүргізу кезінде валюталық бақылауды оңайлатуды, сондай-ақ ЕАЭО елдері өңірлері мен Қытайдың экономикалық дамуының деңгейін теңдестіру үшін ҚХР-мен бірлескен қор қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сессия модераторы, Мемлекетаралық банк президенті Игорь Суворов ЕАЭО-БББЖ ұштасуының қаржылық аспектілерін қараудың және осының негізінде ЕАЭО мемлекеттері мен ҚХР арасындағы валюта-қаржы ынтымақтастығын тереңдету саласында практикалық ұсынымдар тұжырымдаудың дер кезі әрі маңызды екенін атап өтті.

РҒА Экономика институтының аға ғылыми қызметкері Виолетта Архипованың баяндамасы сессия шеңберіндегі сарапшылық талқылауларға жол ашты, онда жетекші резервтік валюталарды интернационалдандыру тәжірибесі ескеріле отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ҚХР-дың ұлттық валюталарында есептесуді пайдаланудың қарқындылығын арттырудың мүмкін болатын жолдары тұжырымдалған.

Цифрлық валюталарды дамыту мүмкіндіктері Қытай халық университеті Макроэкономикалық зерттеулер департаментінің директоры Лю Юй Шудың, сондай-ақ Қытай халық университеті Фискалдық саясатты зерттеу орталығының директоры Цюй Цзянның баяндамаларын қараудың нысанасы болды. Юй Шу ұштасу шеңберіндегі бірінші қадам – Қытай, Ресей және басқа ЕАЭО елдері арасындағы валюта-қаржы ынтымақтастығы тәжірибесін талдау мақсатында сарапшылық топтар ұйымдастыру болуға және содан кейін ғана тараптардың технологиялық әлеуетін ескере отырып ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттары пысықталуға тиіс деп атап өтті. «Цифрлық валюталар саласындағы өзара іс-қимыл – үлкен перспективалар саласы, соның шеңберінде күш-жігерді біріктіру ерекше тиімділікті», –  деп атап өтті ол.

Цюй Цзян америкалық технологияларды пайдаланудың баламасы ретінде ЕАЭО елдері мен ҚХР-дың тәуелсіз цифрлық инфрақұрылымын әзірлеу қажеттігіне назар аударуды айқындап айтты. Ол технологияларды белсенді дамыту жағдайында цифрлық валюталарды пайдаланудың орындылығы туралы мәселені ауыстыруға қарқынды ақшаларды қолдану тиімділігін сақтау туралы мәселе тап келетініне де назар аударды. Ресей Федерациясының цифрлық рубль әзірлеу және ендіру саласындағы мүмкіндігіне түсіндірме бере келіп, Цюй Цзян ҚХР-мен салыстырғанда ел аумағын кең жолақты Интернетпен жабу деңгейі тең емес екенін атап өтті: сарапшының пікірінше, болашақта цифрлық транзакцияларды іске асыру үшін Интернетке қол жеткізу айқындаушы фактор болмайды.

Қытай халық университеті Қаржылық зерттеулер институтының атқарушы деканы Ван Вэнь «жасыл» қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ван Вэнь ҚХР-дың Қазақстанмен «жасыл» қаржы бөлігіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы айтты және ҚХР ойдағыдай практикаларды ЕАЭО-ның басқа елдерімен ынтымақтастықты дамыту үшін көшіру мүмкіндіктерін зерттейтіндігін атап көрсетті.

Электрондық ақшалар мен ақшалай аударымдар нарығына қатысушылар қауымдастығы кеңесінің төрағасы Виктор Достов трансшекаралық есептесулер, аударымдар мен займдар шеңберіндегі цифрлық төлемдер перспективасы туралы айтып берді. Ұлттық валюталардағы аударымдарды жүзеге асыру кезінде қосарлы конверсияның қолданыстағы механизмі қосымша валюталық тәуекелдермен ұштасады. Өз кезегінде ақшалай депозиттерді тәуекелдерді барынша азайту үшін пайдалану практикасы өтімділік проблемасын ушықтырады.

Проблеманы шешудің құралы ретінде Виктор Достов банктер арасындағы есептесу немесе бірыңғай валютаны іске қосу үшін арнаулы ақша агрегатын құру арқылы блокчейн технологиясына сүйене отырып бөлінген тізілімдер базасындағы банкаралық есептесулер тұжырымдамасын ұсынды. «Мұндай бастама технологиялық тізбектегі қаптаған делдалдар санын қысқартуға мүмкіндік береді және барлық тараптар үшін нақ пайдалы болады», –  деп атап өтті ол.

FinStore инвестициялық онлайн-платформасының басқарушы директоры Дмитрий Шедко цифрлық қаржы активтерін шығару саласындағы белорустық FinStore онлайн-платформа тәжірибесі туралы айтып берді. Беларусьтегі цифрлық активтерді басқару және токен (цифрлық құқықтардың баламасы) шығару құқығын алған қазіргі бар алты платформаның бірі – FinStore платформасының пайда болуы – қаржы секторында технологияларды реттеуге неғұрлым икемді келу қажеттігінің нәтижесі. Компания қызметінің назары инвестициялық қызметті оңайлатуға шоғырландырылған: соның нәтижесінде платофрманың қызметтер көрсетуін белорус экономикасының нақты сектордағы ірі компаниялары – «МАЗ» және «Белвест» кәсіпорындары пайдалануда. «Аталған механизмді ЕАЭО кеңістігінде және келешекте, егер ЕАЭО елдерінде цифрлық активтердің, токендердің және криптовалюталардың айналысын мемлекеттік реттеу саласындағы терминология мен заңнаманы салғастырудың болмауы проблемасы шешілсе, ЕАЭО мен БББЖ ұштастыру процесіне де қолдануға болады», –  деп атап өтті сарапшы.

Ресей-Қытай «Жібек жолы» паркі өкілдігінің басшысы Хань Чжун Еуразиялық инновациялық жүйе құрудағы парктің рөлі туралы айтып берді. Хань Чжунның сөзінше, парктің жұмыс істеу негізіне инновациялар, технологиялар, білім беру және ғылыми жобалар алмасу үшін платформа құру нысанында, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы сауда мен туризмді дамыту үшін іске асырылатын «Бір парк – екі аумақ» тұжырымдамасы салынған.

Сессияның қорытындысында Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының ақша-кредит саясаты және банк секторын талдау бағытының басшысы Олег Солнцев ЕАЭО және оның БББЖ-мен ұштасуы шеңберіндегі макроэкономикалық, қаржы, технологиялық және геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды ұсынды.

Сессияға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, ҚХР-дың, сондай-ақ Еуропа пен Азияның басқа да елдері билік органдарының, академиялық ұйымдарының, іскер топтарының, ірі компаниялары мен салалық бірлестіктерінің өкілдерін қоса, 100-ден астам тыңдаушы қатысты.​