25 желтоқсан күні ЕЭК Алқасы отырысында
5 жылдық мерзімге Үндістаннан келетін графиттелген электродтарға демпингке
қарсы баж енгізу туралы шешім қабылданды. Демпингке қарсы баж HEG Limited компаниясы үшін кедендік құнынан
16,04% көлемде орнатылады; басқа үнділік өндірушілерге кедендік құнынан –
32,83% көлемде. Шара Үндістаннан шығатын дөңгелек қималы, диаметрі 520 мм астам, бірақ 650 мм көп емес , немесе
басқа көлденең қималы ауданы 2 700 см2 көп, бірақ 3 300 см2 көп емес
графиттелген электродтарға қатысты енгізіледі.
Ақпараттарға тексеріс жүргізу
барысында алынған талдау демпингке қарсы шараларды қолдану үшін – демпингтік
импорт және Кеден одағының экономикасы саласына бұндай импортпен шығын
келтіруге негіздің бар екендігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік туғызады.
2007 мен 2010 жылдар аралығында
Үндістаннан келетін графиттелген электродтар импортының көлемі Кедендік одақта
308,1% артты, графиттелген электродтардың импорты КО-нда олардың үлес
салмағының жалпы көлемі 2010 жылы 24,3%-ға жетті.
HEG LIMITED компаниясы үшін жеке
демпингтік маржа компанияға берілген мәліметтердің негізінде есептелгенде
16,04% құрады, басқа барлық экспорттаушы немесе өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік
маржа 32,83% құрады.
2007 мен 2010 жылдар аралығындағы
кезеңде Кеден одағы кәсіпорындарының графиттелген электродтарды өндіру және өткізу
көлемі сәйкесінше 41,7 %-дан 34,1 %-ға төмендеп кетті, ал өндірістік қуатының
жүктеу деңгейі 16,6 пайыздық межеге қысқарды.
Бұл Шешім оның ресми жарияланған
күнінен 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Тексерудің нәтижелері туралы баяндама мына
сілтемеде - http://www.eurasiancommission.org/ru/nae/news/Documents/report_final_electrodes.pdf