Жүйеге кіру
ЕЭК қытайдың эмальданған шойын ванналарына демпингке қарсы баж енгізіп отыр

ЕЭК қытайдың эмальданған шойын ванналарына демпингке қарсы баж енгізіп отыр

26.12.2012
Бұл Ресей нарығында 2002 жылдан бері алғашқы рет қолданылып отырған алдын ала демпингке қарсы шара.

25 желтоқсанда ЕЭК Алқасы Қытай Халық Республикасында шығарылатын эмальданған шойын ванналарына кедендік құнының 51,87 % көлемде 4 ай мерзімінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу туралы шешімді қабылдады. «Шешім демпингке қарсы тергеу жүргізу барысында алынған ақпараттардың талдаулары негізінде қабылданды, - деп түсіндіреді ЕЭК Ішкі нарықты қорғау Департаментінің директоры Владимир Ильичев. – Біздегі бар мәліметтер демпингке қарсы шараларды қолдану үшін – демпингті импорттар және Кеден одағының экономикасы саласына мұндай импортпен шығын келтіретініне негіздің бары туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл 2002 жылдан бері ресейлік нарықта алдын ала демпингке қарсы бажды қолданудың тұңғыш оқиғасы екендігін атап өткім келеді (қазіргі шара үшін – Кеден одағының жалпы ішкі нарығының бөлшегі іспетті)».

2011 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде ҚХР-да шығарылатын және Кеден одағына әкелінген эмальданған шойын ванналарды жеткізу кезіндегі демпингтік маржа 51,87 пайызды құраған.

2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде эмальданған шойын ванналар ҚХР-нан КО-на импортталуы 48,4 пайызға жоғарылаған, сөйтсе де бұл тауардың импортындағы жалпы көлемнің орташа 82 пайызын қытайлық жеткізілімдер құраған.

2011 жылы эмальданған шойын ванналарды тұтыну көлемдері 2009 жылдағы деңгейде сақталғанда, КО кәсіпорындарының өндіру көлемдері мен өткізу көлемдері сәйкесінше, 16,8 пайызға және 26 пайызға қысқарған ал тауар қорлары 1,5 есеге көбейген.

Бұл ретте КО саласындағы кәсіпорындар жасап шығарған тауарлардың үлесі, демпингтік бағалармен ҚХР-нан импорттың өсуіне қарай ішкі нарықта 15,2 пайыздық межеге түсіп кеткен.

Бұл Шешім оның ресми жарияланған күнінен 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Тергеудің алдын ала нәтижелері туралы баяндамаға мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: http://www.eurasiancommission.org/ru/nae/news/Documents/report_preliminary_bathtubs.pdf​

 
​​