Жүйеге кіру
ЕЭК алдын ала қорғану бажын енгізеді

ЕЭК алдын ала қорғану бажын енгізеді

25.12.2012

25 желтоқсан күні ЕЭК Алқасы астық жинайтын комбайндар мен астық жинайтын комбайндардың модульдеріне алдын ала арнайы қорғаныш бажын енгізу туралы шешім қабылдады.

«Алқаның Шешімі бойынша алдын ала арнайы қорғану бажы кедендік құнынан 27,5% көлемде болып белгіленеді. Алдын ала баж 2013 жылдың 5 шілдесін қосқан уақытқа дейін, яғни, ағымдағы тексеріс біткенше және нақты қорғану шарасы белгіленгені туралы шешім қабылданғанша күшінде болады, - деп түсіндірді ЕЭК сауда бойынша министрі Андрей Слепнев. – Тергеу барысында өті қиын жағдайлардың бар екендігі белгіленді. Арнайы қорғану шарасын енгізуді кешеуілдету маңызды шығынға алып келетін еді, ақырында оны жою қиынға соғатын еді».

Ақпараттарға тексеру жүргізу барысында алынған талдау арнайы қорғану шарасын қолдану үшін – импорттың күрт өсуі және ондай импортпен Кеден одағының экономика саласына зиян келетін негіздің бар екендігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

2009-2011 жылдар аралығында астық жинайтын комбайндарының КО елдеріне импорт көлемі абсолюттік көрсеткіштермен қарағанда 19,9 % өсті, ал 2012 жылдың алғашқы жарты жылында 2011 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 92,3 % өсті. Бұл астық жинайтын комбайндарының өндіріс көлемі 14,4% төмендеуіне алып келді, олардың сатылу көлемі 43,4% төмендеді, тауарлық запастар 67,4% өсті. Қорытындысында комбайн шығарушылардың үлесі КО нарығында 14,6 пайыздық межеге азайды, ал пайда 3,6 есе азайды. Бұл беталыстар 2012 жылы күшейе түсті.

Бұл Шешім 2013 жылдың 25 ақпанынан бастап күшіне енеді.