Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңында Біртұтас экономикалық кеңістіктің қаржы нарығындағы интеграциясының болашақтары туралы әңгімелеп берді

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңында Біртұтас экономикалық кеңістіктің қаржы нарығындағы интеграциясының болашақтары туралы әңгімелеп берді

28.05.2013

24 мамырда Астанада ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңында «Аймақтық интеграция. БЭК құрудың қықтығыстары мен болашақтары» конференциясында «Біртұтас экономикалық кеңістіктің қаржы нарығы: интеграцияның болашақтары» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.

Тимур Сүлейменов өз сөзінде, Кеден одағының елдері бір жылдан астам уақыт Біртұтас экономикалық кеңістіктің шындығында өмір сүріп жатыр,- деді. – 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оның негізін қалыптастыратын 17 Келісім алғаш рет күшіне енді. Бұл келісімдер болашақта төрт еркіндіктің – тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз етудің алдын ала жүргізіліп жатқан шаралары болып табылады. Алқа Мүшесінің айтуы бойынша, бұл еркіндіктерді экономиканы реттеу тәсілдемелерін жақындастыру, құқықтық нормалардың үйлестірілген және жалпы қағидаттарын орнату мен қолдану, келісілген сауда және кедендік, салық, ақша-несиелік, валюталық-қаржылық саясат жүргізу болмайынша жүзеге асыру мүмкін емес.

БЭК құру бойынша алдыға қойылған, соның ішінде интеграцияланған нарықты құру бойынша міндеттерді орындау үшін 2011 жылдың қараша айында Еуразиялық экономикалық комиссиясы құрылды. БЭК-тің бірыңғай ашық қаржы нарығы капиталды тиімді бөлуді қамтамасыз етуге арналған, ол қатерлерді әртараптандыруға, қаржы нарығында бәсекелестікті арттыруға және өзара өткізудің кедергілерін алып тастауға мүмкіндік береді.

Тимур Сүлейменовтың айтуы бойынша, интеграциялық механизмдер жаңа халықаралық қаржы сәулетін қалыптастырады және қаржының одан да әрі тұрақтандырылуына ықпал етеді. Бүгінгі күні тауар нарығы бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Бірақ әлі капиталдың еркін қозғалуы үшін көп жұмыс жасау керек. Сонымен қатар, ЕЭК Министрінің айтуы бойынша, КО мүше елдердің қаржылық интеграция дәрежесі өте маңызды; экономиканың нақты секторларында модернизациялау мен реформалау озық қарқынмен жүруі тиіс. «Интеграциялық процестер тауар және қаржы нарығында бір мезгілде жүргізілгені маңызды. БЭК «үштігі» арасында сауда айналымы жақсы жүріп келе жатқанына байланысты қазір біздің елдеріміздің қаржы нарығының интеграция бағытында нағыз жұмыс жасайтын уақыты», - деді Тимур Сүлейменов.

ЕЭК өкілі атап өткендей, өсім әлеуетінің барлығына қарамастан, ЕЭК шеңберінде қазіргі уақытта қаржы нарығы әлсіз интеграцияланған. Атап айтқанда, бүгінгі күні абсолюттік және салыстырмалы түрде БЭК елдерінің қор нарығының салыстыруға келмейтіндігі, абсолюттік түрде банк секторының мөлшерлерінің, сақтандырушы нарық көлемінің, банктік несиелеу шарттарын бағалаудың айырмашылығы байқалады. Бұдан басқа, Тимур Сүлейменов, үш елдің экономикасы әртүрлі жылдамдықта дамыды және қазір қаржы нарығында реттеу мен бақылауда айырмашылық бар, - деп атап өтті. «Сондықтан интеграция жолында БЭК қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру алғашқы қадам болып табылады», - деп атап өтті ЕЭК өкілі.

Қазіргі уақытта банк секторында, сақтандыру секторында және құнды қағаздар нарығында лицензияларды өзара мойындау бойынша тараптардың ұлттық заңнамаларын үйлестіруді жүргізу үшін 2020 жылға дейін мерзімдер мен кезеңдерді белгілейтін БЭК қаржы нарығында қызметтерді орындауға қойылатын талаптар туралы Келісімді әзірлеу аяқталуға жақын қалды. Бұл құжат қаржы нарығына кемсітушіліксіз өзара қол жеткізуге жол салатын құжат болып табылады. Бұдан басқа, Комиссия реттеушілермен бірлесе отырып, үйлестіру бойынша Жоспар дайындайды, ол нақты орындалу мерзімі мен жауапты тұлғалар көрсетілген іс-шараларды анықтайды. Комиссия оның орындалуының мониторингін жүргізеді.

Алқа Мүшесінің айтуы бойынша, ЕЭК-тің міндеттерінің бірі, қаржы нарығының ашықтығы мен интеграцияланған ақпараттық кеңістікті құру болып табылады. Бір тараптың реттеушісінің басқа БЭК қатысушы мемлекеттердің реттеу жүйесі мен шараларына сенімін қамтамасыз ету үшін БЭК қатысушы мемлекеттердің реттеушілері арасында толық және шынайы ақпараттық алмасу қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл бір елдің реттеушісіне басқа елдің реттеушісінен алған толық, нақты және жедел ақпарат негізінде трансшекаралық ұйымдарға толассыз бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, қаржы нарығын құру барысында оның қатысушылары арасында нарықтық және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету өте маңызды. ЕЭК ағымдағы жылдың соңына дейін өкілетті органдар арасында, құпия сипатты ақпаратты қоса отырып, ақпарат алмасу туралы Келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Қаржы нарығын дамыту саласында БЭК қатысушы елдердің ұзақмерзімді саясатының келешегіне және келісімге интеграциялық үрдістерді дамыту бағытын анықтау мақсатында Комиссия БЭК шеңберінде қаржы нарығын дамытудың бірыңғай Стратегиясын дайындауды жөн деп санайды. Инвесторлар мен қаржы қызметін тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін трансшекаралық бақылау және банк, сақтандыру секторлары мен бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесін қалыптастырып алу қажет. 2015 жылы ЕЭК БЭК-тің қаржы нарығын реттеу бойынша ұлттықтан жоғары органды құру және қызмет көрсету мүмкіндігін қарап отыр, 2020 жылға таман қаржылық қызмет көрсету саласында ұлттық заңнамаларды үйлестірудің барлық үрдістері аяқталады және лицензияларды өзара мойындау рәсімдері арқылы кәсіби қатысушы-резидент емес бір жақтың қаржы нарығына кемсітушіліксіз кіруі қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

«Біз барлық қабылданып жатқан іс-шаралар тек бизнес-қоғамдастықпен сындарлы және ашық диалог жүргізу жағдайында ғана сәтті түрде жүзеге асырылатынын түсінеміз», - деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов. ЕЭК өкілі бизнес өкілдерін қаржы нарығының барлық мәселелері бойынша жинақталған ұстаным дайындау мақсатында Қаржы нарығы бойынша Консультативтік комитетімен белсенді ынтымақтастықта қызмет жасауға шақырды. Министрдің айтуы бойынша, жақын арадағы бірнеше жыл ішінде ЕЭК әрі қарай интеграциялану және БЭК-тің жалпы қаржы нарығын құруға кедергі жасайтын кедергілерді жою бойынша толық міндеттер кешенін шешуі тиіс.