Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңында БЭК аумағында зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы Комиссияның рөлі туралы әңгімелеп берді

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңында БЭК аумағында зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы Комиссияның рөлі туралы әңгімелеп берді

28.05.2013

24 мамырда Астанада ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов жылсайын өтетін VI Астана экономикалық форумы – 2013 алаңындағы «Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарды қорғау: проблемалар мен болашақтар» конференциясында «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның рөлі» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.

Тимур Сүлейменов өз сөзінде, Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) нарықтық қағидаттар мен үйлестірілген құқықтық нормаларды қолдануға негізделген экономиканы реттеудің бір типті механизмдері жұмыс істеуі, сауда және кедендік саясатты үйлестіру мақсатында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізілуі тиіс аумақ болып табылады, - деді. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, «КО мүше мемлекеттердің экономикасын әртараптандыру, қолайлы инвестициялық климат құру, жаңа технологияларды тарту зияткерлік меншік саласында бірыңғай, теңестірілген саясат жүргізілмесе мүлде мүмкін емес».

2011 жылдың 18 қарашасындағы ЕЭК Келісім-шартының 3 бабына сәйкес Комиссия өз қызметін, соның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелерін сақтау мен қорғау, тауарлар, қызмет көрсету мен жұмыс салаларында өз қызметтерін атқарады. Осы саладағы ЕЭК қызметінің негізгі бағыттарына зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласында заңды үйлестіру мен біріздендіру, КО мен БЭК-ке мүше мемлекеттердің қолайлы инновациялық жағдайын жасау арқылы инвестициялық тартымдылығын арттыру, БЭК аумағында зияткерлік меншіктің өркениетті нарығын қалыптастыру негізгі бағыттар болып табылады.

ЕЭК Алқасы жанындағы зияткерлік меншік бойынша Консультативтік комитеті жұмысының шеңберінде ЕЭК қызметі, сондай-ақ зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бөлімінің қызметі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы ұлттықтан жоғары реттеуді қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған.

Алқа мүшесі қазіргі уақытта КО мен БЭК-ке мүше мемлекеттердің осы саланың көп бөлігінде үйлестірілген заңнамалар бар деп атап өтті. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғаудың бірыңғай үйлестірілген жүйесін дамыту мақсатында Комиссия қазіргі уақытта Тараптармен бірлесе отырып, бірқатар халықаралық Келісім-шарттар дайындап жатыр: Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен БЭК мемлекеттері аумағында тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы Келісім-шарт, Зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Келісім-шарт, Ұжымдық негізде авторлық және аралас құқықтарды басқарудың бірыңғай тәртібі туралы Келісім.

Тимур Сулейменов зияткерлік меншік саласындағы Комиссияның белгілі бір жетістіктерін де атап өтті. Сөйтіп, құқық иелерінің құқықтарын қорғау, КО-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кедендік тізілімінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Ресей ФКҚ–нен бірыңғай кедендік тізілімді жүргізу жөнінде өкілеттілікті ЕЭК-ке беру бөлігіндегі Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасын дайындады. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, жақын арада КО аумағында КО мүше мемлекеттердің Вице-премьерлері тауарлық белгі туралы Келісім-шартқа қол қояды. Сонымен, тауарлық белгілерді құқықтық қорғау саласында интеграциялық жоба жоғары дәрежедегі дайындықта құрылып жатқаны туралы мәлімдеуге болады: БЭК-тің бірыңғай тауарлық белгіні енгізу және оны бірыңғай кедендік тізілімде қорғалуын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі зияткерлік қызмет нәтижелері құқықтары және БЭК аумағында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жекелеу құралдарын сақтау мен қорғаудың ықпалды және үйлестірілген жүйесін құру үшін зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың толық тұжырымдамасын біріздендіру, тиянақты жүйелі түрде пысықтау және құру қажет, - деді. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, бұл міндет экономиканы жаһандастыру процесіне байланысты ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.

ЕЭК КО мен БЭК-тің ұлттықтан жоғары реттеуші органы ретінде КО мүше мемлекеттерінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында КО мен БЭК-ке мүше мемлекеттердің заңнамаларының ұлттық нормаларын біріздендіру, ұлттық құзыреттілікте қалатын зияткерлік меншік құқықтарын Интернет желісінде сақтау мен қорғау мәселелері бойынша құқықтық реттеуді үйлестіру арқылы бірыңғай шаралар жүзеге асырылуы тиіс деп санайды. Бұл ретте ұлттықтан жоғары және ұлттық реттеу қағидаттары арасындағы тепе-теңдікті таба білу қажет, – деді Алқа Мүшесі.

Тимур Сулейменов, Комиссия ең жақсы халықаралық, ең алдымен ұқсас интеграциялық бірлестік ретінде Еуроодақ, Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының (ДЗЖҰ) тәжірибелерін ескере отырып, осы салада аймақтық саясатты реттеушісі ретінде қызмет ете алатын еді деп атап өтті. Бұдан басқа, Комиссия ДЗЖҰ-мен ынтымақтастыққа аса ерекше назар аударады. «Осындай ынтымақтастық нәтижесінде ЕЭК саясаты зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласында халықаралық жүйе ережелеріне бұдан да бағдарлы болар еді деп ойлаймыз», - деп атап өтті ЕЭК өкілі.