Жүйеге кіру
ЕЭК белорус бизнесіне ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік қағидаларын түсіндіруде

ЕЭК белорус бизнесіне ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік қағидаларын түсіндіруде

28.05.2018

28 мамырда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының Қоғамдық қабылдауының бірінші көшпелі отырысы өтті. ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Марат Құсайыновтың сөзінше, іскер қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) трансшекаралық нарықтарда бизнестің бәсекелестік саласындағы құқықтары мен жауапкершілігін тиімді түсіндіру үшін құрылды.
 
Беларусь Республикасы кәсіпкерлерімен алғашқы кездесу Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қолдауымен Қоғамдық қабылдаудың отырысы шеіңберінде өтті.
 
Отырыс барысында ЕЭК сарапшылары бизнестің ЕАЭО бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамасын нашар түсінетінін атап өтті – іскер сектордың көптеген өкілдері ненің бәсекелестік қағидаларын бұзу болып табылатынын және мұндай бұзушылық үшін ЕАЭО туралы шартта қандай жауапкершілік белгіленгенін білмейді.
 
«Біздің міндетіміз - Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік қағидаларын іскер қоғамдастық өкілдеріне жеткізу және кәсіпкерлерге олардың құқықтарын монополистер немесе бәсекеге қарсы келісімдердің қатысушылары бұзған кезде өз құқықтарын қорғауға үйрету. Қоғамдық қабылдау форматы ашық диалогты білдіретіні маңызды – кәсіпкерлер үшін бұл өз проблемаларын тікелей айту мүмкіндігі,- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.- Егер нақты кәсіпкердің ортақ нарықтағы құқықтары оның әріптестерінің бәсекеге қарсы әрекеттерімен бұзылса, Комиссияның оған өз құзыреті шегінде көмектесуге әзір екені сөзсіз».
 
Комиссия өкілдері ЕАЭО бәсекелестік саласындағы нормативтік-құқықтық базасының кейбір аспектілерін жан-жақты түсіндірді, сондай-ақ Одақ құқығындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауға неғұрлым тиімді бақылау үшін қажетті алдын алу және алдын ала ескерту институттарына қатысты соңғы өзгерістер туралы әіңгімеледі.
 
Бизнес үшін жеке-дара консультациялар барысында бұзылған құқықтарды қорғау үшін Комиссияға өтініш беру рәсімдері және мұндай өтініштерді қарау тәртібі туралы бірқатар сұрақтар түсті.
 
ЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат де​партаментінің директоры Әлия Жұмабаеваның сөзінше, белорус кәсіпкерлері тап болып отырған негізгі проблема – бәсекелестерге жеңілдік беріліп жатқанда, Одақ нарығында бизнес жүргізудің тең емес жағдайлары.
 
«Бұл төмен баға, жеңілдіктер, ақы төлеу жағдайлары не сол немесе өзге мемлекетте сатуға немесе қызметтер көрсетуге тыйым салу болуы мүмкін», - деп атап көрсетті департамент директоры.
 
ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевич трансшекаралық нарықтарға қатысушылардың бәсекеге қарсы мінез-құлқын дер кезінде анықтау және жолын кесу үшін ЕАЭО мемлекеттері кәсіпкерлік қоғамдастығымен тұрақты өзара іс-қимылдың қажеттігін атап өтті. «ЕЭК-ке өтініш жасау - Одақ нарығында бәсекелестікті шектеуден пайда болатын даулы ахуалдарды реттеудің қолжетімді әрі пәрменді тәсілі екеніне бизнесті иландырған маңызды», - деді ол.

Қоғамдық қабылдаудың отырысына Республикалық кәсіпкерлер конфедерациясы,  Белорус сауда-өнеркәсіп палатасы, Профессор М.С. Кунявский атындағы кәсіпкерлер мен жалға алушылар бизнес одағы, «Бизнес Консалтинг» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Белорус кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры, «МАЗ» ААҚ, «Беллегпром» концерні, «Гомельлифт» ЖАҚ, «Гомсельмаш» ААҚ, «Коммунарка» СААҚ, «Белшина» ААҚ, «Минск маргарин зауыты» ААҚ сияқты және басқа да БР кәсіпкерлері бірлестіктерінің, жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарының, сауда және консалтинг компанияларының өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдаудың келесі көшпелі отырыстары Қазақстанда, Қырғызстанда және Арменияда өтеді.