Жүйеге кіру
Үшінші елдерге экспорттың төмендеуі аясында ЕАЭО-дағы шикізаттық емес бейэнергетикалық тауарлардың өзара саудасы өсуде

Үшінші елдерге экспорттың төмендеуі аясында ЕАЭО-дағы шикізаттық емес бейэнергетикалық тауарлардың өзара саудасы өсуде

IMG_5715.jpg
28.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақтағы шикізаттық емес бейэнергетикалық  тауарлардың өзара саудасы 2020 жылғы І тоқсанда өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 9,1 млрд долл. немесе 2,8% өсті. Мұндай ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда блогының сараптамалық зерттеуінде қамтылған.

Металл өнімдерінен басқа барлық тауар тобы экспорттың өсуін көрсетті. Мысалы, Одақтың сату құрылымындағы үлесі 26,5% құрайтын машина жасау өнімдерін сату 0,5% артты. Азық-түлік тауарлары саудасы (үлесі 22,9%) 6,6% өсті. Химиялық өнім де (оның сауда құрылымындағы үлесі 16,5%) 1,6% артты.

ЕАЭО-ның үшінші елдерге шикізаттық емес бейэнергетикалық  экспорты үстіміздегі жылғы І тоқсанда 8,2% - 25,8 млрд.долл. дейін төмендегенін көрсетті. Металл өнімдерінің экспорты неғұрлым елеулі түрде азайды (19,6%). Бұл тауарлар тобы ЕАЭО-ның үшінші елдерге сату құрылымында ең көп үлеске - 32,7%-ға ие.  Химиялық топ бойынша 14% (үлесі 20,5%) және орман-қағаз тауарлары бойынша 8,2% (үлесі 9,5%) төмендеу байқалды. Бұл ретте азық-түліктің үшінші елдерге экспорты (үлесі 23%) оң серпін және 15,9% өсу көрсетті. Машина жасау (үлесі 9,3%) 0,3% өсті.

«Коронавирус пен әлемдегі жалпы экономикалық құлдыраудың әсерлерін ескере келгенде,  келесі тоқсанның шикізаттық емес бейэнергетикалық  тауарлармен өзара сауда бойынша «жасыл» аймаққа тап болуы екіталай,- деп санайды ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. - Сонымен қатар, Одақ ішіндегі сауданың құрылымы да, серпіні де құлдырау екі таңбалы санмен өлшенетін үшінші елдермен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы болып қалады. Егер нарық конъюнктурасы мен баға шарыттары аясында ЕАЭО ішіндегі сауда құндық мәнде жағымсыз аймаққа кеткендей болса, онда сыртқы контурға қарағанда, жеткізілімнің нақты көлемі өсе беретінін атап өтемін».   

Анықтама

2020 жылғы I тоқсанда ЕАЭО-ға мүше елдердің өзара саудасындағы шикізаттық емес бейэнергетикалық  тауарлардың үлес салмағы 73,4% құрады (2019 жылғы қаңтар-наурызда - 65,4%). Үшінші елдерге экспорт құрылымында мұндай тауарлар 39,5% (37,5%) орын алды. I тоқсанның қорытындысы бойынша шикізаттық емес бейэнергетикалық  тауарлармен ішкі сауданың нақты көлемінің индексі барлық салалар бойынша өсім көрсетіп, 24,3% деңгейінде болды. Осымен бір мезгілде «металл өнімі» және «әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар» сияқты топтар бойынша төмендеу  көрсетіле келіп, мұндай тауарлардың үшінші елдерге экспортының нақты көлемі тек 3,9% өсті​