Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі Одақтың ішкі нарығындағы неғұрлым сезімтал кедергілерді жою нәтижелерін қарады

ЕЭК Кеңесі Одақтың ішкі нарығындағы неғұрлым сезімтал кедергілерді жою нәтижелерін қарады

IMG_5796.JPG
28.05.2020

ЕЭК Кеңесі Одақтың ішкі нарығындағы неғұрлым сезімтал кедергілерді жою нәтижелерін қарады. 27 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы неғұрлым сезімтал кедергілер қаралды және оларды жою жөнінде тапсырма берілді.

 

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян неғұрлым сезімтал кедергілерді жою жөніндегі «бестік» елдерімен бірлескен жұмыс туралы және қол жеткізілген нәтижелер жайында әңгімеледі. Мәселен, солардың бірі - Қазақстаннан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі. Мұндай талап Одақ елдеріне таратылған «Қазақстан Республикасының аумағынан түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасына кірістірілген.Министр бұл бұйрық жобасы қабылданған жағдайда жаңа кедергінің пайда болуы мүмкін екенін атап өтті. Одақ құқығына сәйкес, «бестік» елдері тауарлармен өзара саудадағы ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде тарифтік емес реттеу шараларын қолданбайды.

 

Гегам Варданян Одаққа мүше мемлекеттердің министрлері орынбасарларының қатысуымен өткізілген консультациялардың нәтижесі Қазақстан Республикасының өз аумағынан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салуды енгізудің орынсыздығы туралы шешімі болғанын атап өтті. «Біз қазақстандық әріптестерімізге жемісті жұмысы мен сындарлы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз ЕАЭО ішкі нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін болуы мүмкін кедергілерді күні бұрын жоя алдық, бұл өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді»,- деп атап өтті Гегам Варданян.

 

Министр «бестік» Үкіметтері министрлері орынбасарларының деңгейінде Одақтың ішкі нарығының сезімтал кедергілерін талқылау жөніндегі өзара іс-қимыл форматы шешім қабылдаудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз еткенін атап  көрсетті.

 

Келесі сезімтал кедергіні талқылау шеңберінде ЕЭК Кеңесі «бестіктің» уәкілетті органдарына  2020 жылғы 1 тамызға дейін электрондық навигациялық пломбаларды пайдалану арқылы тасымалды бақылауды есепке ала отырып, Одақтың тауарларын бір елдің аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірде біреуімен ортақ шекарасы жоқ басқа елдің аумағына кедергісіз өткізу шарыттарын жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстарды Комиссияға беруді тапсырды.​