Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының жиырма бесінші отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының жиырма бесінші отырысы болып өтті

28.08.2013

27 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында сауда және кедендік ынтымақтастық салаларында бірқатар мәселелер қаралды.

Сауда саласында ЕЭК Алқасы 2016 жылының 28 қыркүйек күніне дейін үстелдік пен асханалық фарфор ыдыс-аяғына арнайы қорғау бажын енгізу туралы шешім қабылдады. Арнайы қорғау бажы келесі мөлшерлерде белгіленетін болады:

·         2013 жылының 29 қыркүйектен бастап 2014 жылының 28 қыркүйегіне дейін – 1 тонна үшін 1479АҚШ доллары;

·         2014 жылының 29 қыркүйектен бастап 2015 ж. 28 қыркүйегіне дейін – 1 тонна үшін 1035,3 АҚШ доллары;

·         2015 жылының 29 қыркүйектен бастап 2016 ж. 28 қыркүйегіне дейін – 1 тонна үшін 591,6 АҚШ доллары;

Те Тергеу 2012 ж. 3 қыркүйегінде «Фарфор Вербилок» ЖАҚ, «Императорский фафарфоровый завод» ААҚ, «Добрушский фарфоровый завод» ЖАҚ және «»Дулевский фарфоровый завод» ӨК қолдаған «Промыслы Вербилок» ЕҚ» ЖШҚ ар арызы негізінде басталған болатын. 

 «Ақпаратты тергеу барысында алынған талдау нәтижелері арнайы қорғау амалын қолдану үшін негіз дер бар екендігін растайды, - деп Алқа шешімін ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнев түсіндірді. – Абсолюттік көрсеткіштерімен импорт көлемі 2009-2011 жылдары жалпы 70,2 пайызға өссе, 2012 жылының бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда қосымша 15,9 пайызға өсті. Сол бір мезгілде, КО өндірушілерінің бағаларынан әлдеқайда төмен бағалармен импорт өсімі байқалады. Бұл өндіріс пен өткізу көлемдерін қысқаруына, КО мемлекеттерінің нарық үлесінің азаюына және өндірістің шығындығына әкеп соқтырды».

2009-2011 жж. КО-да фарфордан жасалған үстелдік және асханалық ыдыс-аяқты пайдалану 49,5 пайызға өсті, ал Кеден одағы өндірушілерінің өндіріс пен өткізу көрсеткіштері дәл сол мезгілде 2,8 және 2,9 пайызға төмендеді, 2012 ж. бірінші жартыжылдығында 2011 бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда КО кәсіпорындарының өндіріс пен өткізу көрсеткіштері небәрі 2,3 және 5 пайызға өсті.

Сол бір мезгілде КО елдерінің өндірушілері нарықтық үлесінің 2009-2011 жж. 9,9, пайызға , ал 2012 ж. бірінші жартыжылдығында – 1,4 пайыздық межеге дәл сол кездегі импорттық тауар орнын басуымен бірге қысқарғаны байқалады.

Фарфордан жасалған үстел және асханалық ыдыс-аяқ өндірісінің өлшенген орташа өзіндік құны 2009-2011 жж. 27,2 пайызға өсті, ал 2012 ж. бірінші жартыжылдығында 2011 ж. бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 9,2 пайызға өсті. Сол бір мезгілде КО кәсіпорындарының өлшенген орташа сату бағасының өсуі 23,6 пайызды құраса, 2012 ж. бірінші жартыжылдығында 7,5 пайызды құрады. Импорттық тауар тарапынан бағалық қысым жағдайында сату бағаларының деңгейі оны өндіруге жұмсалған шығындарды ақтамаған болатын, соның нәтижесінде кәсіпорындар шығындарға батып, сату рентабельдігі теріс нәтижелі болып шықты.

Талданып отырған кезеңде КО-на фарфор ыдыстарды негізгі жеткізуші елдер ҚХР мен Украина болып табылған, ҚХР үлесіне жалпы әкелім көлемінің орташа 83 % тиген .

Осы Шешім оны қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде заңды күшіне енеді.

Бұдан басқа, кедендік ынтымақтастық саласында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Кеден одағының кедендік шекарасынан заңсыз өткізілетін тауарлардың (бұдан әрі - заңсыз әкелінген тауарлар) кедендік құнын анықтау тәсілдерін біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған «Кеден одағының кедендік шекарасынан мағлұмдаусыз өткізілген тауарлардың кедендік құнын анықтау тәсілдерін қолданудың ерекшеліктері туралы Ережені бекіту туралы» Шешім қабылдады.

Осы шешім кедендік органдарымен заңсыз әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде және кедендік органдар заңсыз әкелінген тауарларын анықтаған тұлғалар кедендік баждар мен салықтарды ерікті түрде төлеу кезінде пайдалануға арналған.

Шешім Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына заңсыз әкелінген тауарлар әкелу жағдайлары анықталған, не анықталмаған кезде Кеден одағының кедендік шекарасынан мағлұмдаусыз өткізілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін белгілеуді көздейді.

«Қабылданған шешім Кеден одағы елдері үшін алғашқы мәрте заңсыз әкелінген тауарлардың кедендік құнын анықтау тәртібін орнатып, сол арқылы осы мәселедегі құқықтық вакуумды толтырады», - деп айтты Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин.